GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Онлайн қабылдау
Баспасөз орталығы
Құжаттар
Қызметі
Бөлім туралы
Байланыс ақпараты
Все материалы
17 сентября 2026
Жұмыс тобының жер қойнауын пайдаланушы кәсіпорындармен кездесуі

2026 жылғы 16 қыркүйекте Ақжар ауданы әкімінің төрағалығымен Ленинград ауылында жұмыс тобының отырысы өтті. Оның негізгі тақырыбы жергілікті бюджеттің кіріс бөлігін толықтыру және жер қойнауын пайдалану саласындағы кәсіпорындармен тиімді өзара іс-қимыл жасау болды.
Конструктивті диалог барысында аудан басшысы бизнес алдында өңірдің экономикалық өсуіне және жергілікті тұрғындардың мүдделерін қорғауға бағытталған бірқатар басым міндеттерді белгіледі.
Кездесу қорытындысы бойынша кәсіпорын басшыларына нақты тапсырмалар берілді:

  • Халықтың табысын арттыру. Қызметкерлердің орташа жалақысын бәсекеге қабілетті деңгейге дейін ұлғайту. Азаматтардың әл-ауқатының өсуі - бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің басты көрсеткіші.
  • Ашықтық және заңдастыру. Қызметкерлердің нақты санын көрсету, еңбек қатынастарының толық ашықтығын қамтамасыз ету және жасырын жұмыспен қамтуды болдырмау.
  • Өндіріс қарқынын арттыру. Қиыршық тас пен құм өндіру көлемін үдету ауданның өнеркәсіптік әлеуетін нығайтып қана қоймай, бюджетке салық түсімдерін де арттырады.
30 ноября 2023
СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ РЕЖИМІНДЕГІ ЖҰМЫСЫ ТУРАЛЫ

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті елдегі төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты, қарым-қатынастарды барынша азайту мақсатында мемлекеттік қызметтерді ұсыну тек электрондық форматта жүзеге асырылатынын хабарлайды. Қағаз тасығыштағы өтініштер мемлекеттік қызмет электрондық түрде іске асырылмаған жағдайда ғана қабылданады.

Біздің Орталықтардағы Өзіне — өзі қызмет көрсету терминалдарына кіру де тоқтатылады.

Бұдан басқа, салық төлеушілердің және Сыртқы экономикалық қызмет қатысушыларының барлық мәселелері бойынша, оның ішінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер, қойылған хабарламалар, есеп айырысу шоттарын ашу/жабу, жергілікті салықтар есептелген, пайда болған берешек, қызметті тоқтату және басқа да салық және кеден міндеттемелері бойынша консультациялар өткізу үшін облыстың барлық аудандық және Петропавл қ. мемлекеттік кірістер органдарында Байланыс орталықтарын құру туралы шешім қабылданды. Сондықтан біздің облыс тұрғындарымызды ұсынылған мүмкіндікті пайдалана отырып, мемлекеттік кірістер органдарына бармай, қызықтыратын сұрақтарға қашықтықтан жауап алуды сұраймыз.

Байланыс орталығы қызметкерлерінің тізімі ҚР ҚМ МКК (http://kgd.gov.kz), ҚР ҚМ МКД (http://sko.kgd.gov.kz) сайттарында, Департаменттің әлеуметтік желілерінде орналастырылған.

Осы шектеулерге түсіністікпен қарауды сұраймыз.

СҚО бойынша МКД

30 ноября 2023
СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ РЕЖИМІНДЕГІ ЖҰМЫСЫ ТУРАЛЫ

Құрметті салық төлеушілер!

«Төтенше жағдайды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығын іске асыру мақсатында мемлекеттік кірістер органдары халықтың тікелей байланысын азайту және короновирус жұқтырудың ықтимал жағдайларын болдырмау үшін бірқатар шаралар қабылдады.

Солай, заңды және жеке тұлғалар үшін өтінішті ұсынбай, салық есептілігін электрондық түрде табыс еткен жағдайда, салық есептілігі нысандарын табыс ету мерзімдерін 2020 жылғы 30 сәуірге дейін ұзарту туралы шешім қабылданды. Бұл норма салық есептілігінің мынадай нысандарына қатысы:

  1. корпоративтік табыс салығы бойынша декларация (100.00, 110.00, 150.00, 180.00 нысандары);
  2. жеке табыс салығы бойынша декларация (220.00, 240.00 нысандары);
  3. жеке табыс салығы және мүлік бойынша декларация (230.00 нысаны);
  4. көлік құралдары салығы, жер салығы және мүлік салығы бойынша декларация (700.00 нысаны);
  5. қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы жөніндегі декларация (870.00 нысаны);
  6. жалдау (пайдалану) шарттарының тізілімі (871.00-нысаны);
  7. тіркелген шегерімді пайдалана отырып, арнайы салық режимі бойынша декларация (912.00 нысаны);
  8. бірыңғай жер салығын төлеушілерге арналған декларация (920.00 нысаны).

Камералдық бақылау жүргізу бөлігінде уақытша тоқтату туралы шешім қабылданды:

  • хабарламаларды қолма-қол тапсыру;
  • камералдық бақылау хабарламаларына жауаптар/түсініктемелер (оның ішінде хабарламалардың басқа түрлері бойынша) барынша электронды түрде ұсыну қажет.
  • камералдық бақылау хабарламасының орындалмауына байланысты әкімшілік жауапкершілікке тарту мерзімін ауыстыру.

Салықтық және кедендік тексерулер бөлігінде.

  • өткізілетін салықтық және кедендік тексерулер тоқтатылады;
  • ерекше тәртіп бойынша жүргізілетін тексерулер бойынша тексерулер 2020 жылдың 15 сәуіріне дейін тоқтатылады.

Құрметті салық төлеушілер Сіздерді уақытша шараларға түсіністікпен қарауды сұраймыз.

Толығырақ ақпарат СҚО бойынша МКД сайтында және әлеуметтік желілерінде орналасқан:

http://sko.kgd.gov.kz,

https://www.facebook.com/sko.kgd.gov.kz/;

https://vk.com/public102469003;

https://twitter.com/DGD_SKO;

https://www.instagram.com/dgdsko/

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы