«Қазақстан Республикасының жастарын қолдау жөніндегі 2021 – 2025 жылдарға арналған кешенді жоспарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 29 желтоқсандағы № 918 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасы

 

 

 

«Қазақстан Республикасының жастарын қолдау жөніндегі 2021 – 2025 жылдарға арналған кешенді жоспарды бекіту туралы»

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 29 желтоқсандағы

№ 918 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Қазақстан Республикасының жастарын қолдау жөніндегі 2021 – 2025 жылдарға арналған кешенді жоспарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 29 желтоқсандағы № 918 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының жастарын қолдау жөніндегі 2021 – 2025 жылдарға арналған кешенді жоспарда:

«6. Қоғамдық сананы жаңғырту шеңберінде жастарды рухани-адамгершілік және отбасылық құндылықтарға тарту» бөлімде:

реттік нөмірі 39-1-жол мынадай редакцияда жазылсын:

«

39-1

Сарапшылық қоғамдастықты, зияткерлік элитаны, азаматтық қоғам өкілдерін, мәдениет қайраткерлерін тарту

 

Үкіметке ақпарат

ЖАО

2023 –

2025 жылдар

талап етілмейді

-

»;

«7. Экологиялық мәдениетті қалыптастыру» бөлімде:

реттік нөмірлері 40,41,42-жолдары алынып тасталсын;

мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 42-1 және 42-2 жолдармен толықтырылсын:

«

42-1

Жастардың экологиялық мәдениеті, жастар стратасының экологиялық мінез-құлық пен экологиялық өмір салтын жүргізу туралы хабардар болуы деңгейін арттыруға бағытталған іс-шаралар кешенін ұйымдастыру

Үкіметке ақпарат

ЖАО

2023 – 2025 жылдар

талап етілмейді

-

42-2

Жастарды экологиялық қызметке тарту және өңірлік деңгейде жастардың экологиялық бастамаларын қолдау

Үкіметке ақпарат

ЖАО

2023 – 2025 жылдар

талап етілмейді

-

          »;

«8. Дарынды жастардың дамуына жәрдемдесу» бөлімде:

реттік нөмірі 44-жол алынып тасталсын;

«9. Жастар саясатын институционалдық дамыту, ғылыми-зерттеу және әдістемелік қамтамасыз ету» бөлімде:

реттік нөмірі 47-жол мынадай редакцияда жазылсын:

«

47

"Қазақстан жастары" жастардың даму индексін әзірлеу және мониторинг жүргізу

Үкіметке ақпарат

АҚДМ

 

2021 –

2025 жыл

АҚДМ

2021 жыл – 14 454

2022 жыл – 14 490

2023 жыл – 14 700

2024 жыл – 14 700

2025 жыл – 14 700

РБ (007 «Мемлекеттік жастар және отбасы саясатын іске асыру» бюджеттік бағдарламасы)

»;

реттік нөмірі 48-жол мынадай редакцияда жазылсын:

«

48

"Қазақстан жастары" ұлттық баяндамасын дайындау және таныстыру

Үкіметке ұлттық баяндама

АҚДМ,

"Жастар" ҒЗО (келісу бойынша)

2021 –

2025 жылдар

АҚДМ

2021 жыл – 14 454

2022 жыл – 14 490

2023 жыл – 14 700

2024 жыл – 14 700

2025 жыл – 14 700

РБ (007 «Мемлекеттік жастар және отбасы саясатын іске асыру» бюджеттік бағдарламасы)

»;

«10. Ақпараттық қолдау» бөлімде:

реттік нөмірі 53-жол мынадай редакцияда жазылсын:

«

53

Мемлекеттік жастар саясаты саласындағы бірыңғай интернет-ресурсты қолдау

www.eljastary.kz сайты

АҚДМ

 

2021 –

2025 жылдар

АҚДМ

2021 жыл – 43 169*

2022 жыл – 43 256*

2023 жыл – 43 342*

2024 жыл – 43 342*

2025 жыл – 43 342*

РБ (007 «Мемлекеттік жастар және отбасы саясатын іске асыру» бюджеттік бағдарламасы)

»;

реттік нөмірі 55-жол алынып тасталсын;

  1. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

          Премьер-Министрі                                                             Ә. Смайылов

ҚР ҮҚ жобасы
Дата публикации
07 октября 2022