«Этносаралық катынастар саласындағы мемлекеттік саясат және біртұтас ұлт идеясы» тақырыбына этносаяси дискурс

«Этносаралық катынастар саласындағы мемлекеттік саясат және біртұтас ұлт идеясы» тақырыбына этносаяси дискурс

2021 жылғы 2 желтоқсанда Министрлік Нұр-Сұлтан қ. Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының этносаяси дискурсы алаңында онлайн форматта «Этносаралық катынастар саласындағы мемлекеттік саясат және біртұтас ұлт идеясы» тақырыбында сарапшылық  кездесу өткізді.

Іс-шараға ҚР АҚДМ Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Ғалым Шойкин, ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Еркін Әбіл, сондай-ақ ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесінің, Ғылыми-сарапшылық топтарының, ҚЭЗИ жанындағы сарапшылық тобының мүшелері және басқа да мүдделі сарапшылар қатысты.

ҚР АҚДМ Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Ғалым Шойкин дискурс қатысушыларын АҚДМ-нің жалпыұлттық бірлікті, этностардың интеграциясын қамтамасыз етуге және жалпы азаматтық құндылықтарды қалыптастыруға бағытталған жобалармен таныстырды, этномәдени бірлестіктерді тарта отырып, мемлекеттік саясаттың басым бағыттарын дамыту барысы туралы баяндады.  

Өз кезегінде, ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Еркін Әбіл этносаралық қатынастар саласында терминдердің нақты пысықталған жүйесін  нормативтік-құқықтық құжаттарға өзгерістер ретінде енгізу қажеттігі жөнінде жаңа бастамалар ұсынды.

Этносаяси дискурстың қорытындысы бойынша этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жұмыстарын жетілдіру жөнінде практикалық ұсынымдар пысықталды.