Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі қаржыландырған үкіметтік емес ұйымдар 2024 жылы іске асырған мемлекеттік гранттардың тиімділігіне бағалау жүргізу жөніндегі отырыстың хаттамасы

 Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі қаржыландырған үкіметтік емес ұйымдар 2024 жылы іске асырған мемлекеттік гранттардың тиімділігіне бағалау жүргізу жөніндегі отырыстың хаттамасы

 

Астана қаласы                                                                2024 жылғы 25 желтоқсан

 

Төрағалық етті:

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Этносаралық қатынастарды дамыту комитеті төрағасының орынбасары –
А. М. Жақсыбаев

 

Қатысты:

Конкурстық комиссия мүшелері (тізім бойынша)

 

КҮН ТӘРТІБІ

 

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің орта және ұзақ мерзімді гранттарының тиімділігіне бағалау жүргізу

(А. Жақсыбаев, Г. Шиповских, Д. Жуманова, М. Максутов, Ш. Пулатов,
Ш. Исмаилов, К. Абдыхалыков)

  1. Орта және ұзақ мерзімді келесі гранттар бойынша комиссия мүшелері ұсынған бағалау парақтары қабылдансын:

1.2. Тілдік және этникалық белгілері бойынша ар-намыс пен қадір-қасиетті қорлаудың кез келген нысандарына жол бермеу;

1.3. ҮЕҰ және Қазақстан халқы Ассамблеясы: қазақстандықтар үшін пайдалы өзара іс-қимыл тәжірибесі.

  1. Комиссия мүшелерінің дауыс беру қорытындылары бойынша осы хаттаманың 1-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі 2022 жылғы 26 қыркүйектегі № 406 бекіткен Мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, беру, олардың мониторингі және тиімділігін бағалау қағидаларының 61-тармағына сәйкес мемлекеттік гранттарды іске асырудың табыстылығы туралы қорытындылар айқындалсын;

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Этносаралық қатынастарды дамыту комитеті мен Оператор – «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» Коммерциялық емес акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы Хаттамадан туындайтын шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

 

 

               Төрағаның орынбасары                                    А. Жақсыбаев

 

Мемлекеттік гранттардың тиімділігін

бағалау жөніндегі отырыстың

2024 жылғы 25 желтоқсандағы

№1 хаттамасына қосымша

 

 

Мемлекеттік гранттарды іске асырудың табыстылығы туралы қорытындылар

 

 

Гранттың атауы

Барлығы

Мемлекеттік гранттардың табыстылық көрсеткіші

(0 – ден 10 – ға дейін – төмен және (немесе) жоба қанағаттанарлықсыз іске асырылды; 10-нан 15-ке дейін-орташа және (немесе) жоба қанағаттанарлық іске асырылды; 15-тен 25-ке дейін-жоғары және (немесе) жоба сәтті іске асырылды

1

Тілдік және этникалық белгілері бойынша ар-намыс пен қадір-қасиетті қорлаудың кез келген нысандарына жол бермеу

20,9

жоба сәтті іске  асырылды

2

ҮЕҰ және Қазақстан халқы Ассамблеясы: қазақстандықтар үшін пайдалы өзара іс-қимыл тәжірибесі

20,9

жоба сәтті іске  асырылды

 

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі қаржыландырған үкіметтік емес ұйымдар 2024 жылы іске асырған мемлекеттік гранттардың тиімділігіне бағалау жүргізу жөніндегі отырыстың хаттамасы
Дата публикации
30 декабря 2024