Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығымен бекітілген "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес 2025 жылы бөліммен 16 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
2025 жылғы 4 тоқсандағы ішінде бөліммен барлығы 185 Мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде:
- электрондық үкімет порталы арқылы 46 мемлекеттік қызмет:
- "Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу" - 1 қызмет,
- Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау" - 21 қызмет;
- "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау" - 24 қызмет;
- «Е-Собес», «Е-Халык», «Шетелдік жұмыс күші» - 139 қызмет:
- Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау" - 31 қызмет;
- "Еңбекші көшіп келушілерге рұқсат беру және ұзарту" -7 қызмет;
- "Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек көрсету үшін оларға құжаттарды ресімдеу" - 16 қызмет;
- "Мүгедектерді техникалық-көмекші (компенсаторлық) құралдармен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу" - 41 қызмет;
- "Мүгедектерді арнайы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу" – 2 қызмет;
- «Мүгедектігі бар адамдарды арнайы қозғалу құралдарымен қамтамасыз ету үшін құжаттарды ресімдеу» - 5 қызмет;
- «Мүгедектігі бар адамдарды жестау тілі маманымен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу» - 2 қызмет;
- "Мүгедектер мен мүгедек балаларды санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу" - 1 қызмет;
- "Үйде күтім жасау жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге құжаттарды ресімдеу" – 14 қызмет;
- «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу» -6 қызмет;
Бөлім көрсететін барлық қызметтер тегін.
Халыққа мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қолжетімділік және ақпараттандыру мақсатында бөлім ғимаратында көрнекі ақпараты бар стендтер (стандарттар, көрсетілетін қызметтердің атауы және оларды көрсетуге жауапты тұлғалар, жұмыс кестесі, өтініш үлгілері) орналастырылған. Осыған ұқсас ақпарат бөлімнің сайтында "Мемлекеттік қызметтер" бөлімінде орналастырылған. Бөлімнің стендтері мен сайтындағы ақпарат үнемі жаңартылып отырады.
Көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат
мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша
2025 жылы мемлекеттік қызмет көрсетуге шағымдар түскен жоқ.
Бөлім басшысы Т.Бұжықаев