Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабына және 35-1 бабы 3-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
- Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының күшін жойған кейбір шешімдерінің тізбесі
- Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2023 жылғы 17 қазандағы № 9/118 «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7604-15 болып тіркелген);
- Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2024 жылғы 1 наурыздағы № 14/218 «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2023 жылғы 17 қазандағы № 9/118 «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7710-15 болып тіркелген);
- Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2024 жылғы 29 қарашадағы № 22/345 «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2023 жылғы 17 қазандағы № 9/118 «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7836-15 болып тіркелген);
- Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2025 жылғы 18 сәуірдегі № 26/405 «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2023 жылғы 17 қазандағы № 9/118 «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7892-15 болып тіркелген).