Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2024 жылғы 1 наурыздағы № 14/219 «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидаларын айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидаларын айқындау туралы» 2024 жылғы 1 наурыздағы № 14/219 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7704-15 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген шешімнің 1-қосымшасында:

3-1- тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) тұтынушылар үшін газбен жабдықтау жөніндегі коммуналдық қызметті тұтыну нормалары пәтерде бір адамға он бес текше метрден аспайды;

тұрғын үйді жылытуға жеке тұрғын үйдің тұтынушылары үшін газбен жабдықтау жөніндегі коммуналдық қызметті тұтыну нормалары бір шаршы метрге он бес текше метрден аспайды;»;

3-1 тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«4) есептеу аспаптары бар тұтынушылар үшін жылумен жабдықтау қызметін тұтыну нормалары айына бір шаршы метрге нөл бүтін жиырма бес мың гигакалориядан аспайды;

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 27-бабының
34) тармақшасына сәйкес облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімдігі бекітетін бір шаршы метр  үшін есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін жылумен жабдықтау қызметін тұтыну нормалары;».

  1. «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне:

1) осы шешімді заңнамада белгіленген тәртіппен, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу;

2) мемлекеттік тіркеуден кейін осы шешімді Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің, «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің интернет-ресурсына орналастырсын.

  1. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

                                     

 

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

 «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2024 жылғы 1 наурыздағы № 14/219

  «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидаларын айқындау туралы»

шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Есіл ауданы мәслихатының шешім жобасына

 салыстырмалы кесте

№ р/с

Құрылымдық  элемент

Бұрынғы редакция

Жаңа редакция

Негіздеме

1

 

 

 

 

 

 

 

2

 

 

 

 

шешімнің 1-қосымшасында

3-1- тармақтың 1) тармақшасы

 

 

 

 

шешімнің 1-қосымшасында

3-1- тармақтың 4) тармақшасы

 

 

 

«1) тұтынушылар үшін газбен жабдықтау жөніндегі коммуналдық қызметті тұтыну нормалары бір адамға он бес текше метрден аспайды;»;

 

 

 

 

 

«4) тұтынушыларға арналған жылумен жабдықтау қызметін тұтыну нормалары бір адамға айына нөл бүтін жиырма бес мың гигакалориядан аспайды;».

 

 

 

 

 

 

«1) тұтынушылар үшін газбен жабдықтау жөніндегі коммуналдық қызметті тұтыну нормалары пәтерде бір адамға он бес текше метрден аспайды;

тұрғын үйді жылытуға жеке тұрғын үйдің тұтынушылары үшін газбен жабдықтау жөніндегі коммуналдық қызметті тұтыну нормалары бір шаршы метрге он бес текше метрден аспайды;»;

 

«4) есептеу аспаптары бар тұтынушылар үшін жылумен жабдықтау қызметін тұтыну нормалары айына бір шаршы метрге нөл бүтін жиырма бес мың гигакалориядан аспайды;

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 27-бабының 34) тармақшасына сәйкес облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімдігі бекітетін бір шаршы метр  үшін есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін жылумен жабдықтау қызметін тұтыну нормалары;».

 

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 19 қарашадағы                   № 492 бұйрығы

 

 

 

 

Басшы                                                                                                                                     Т. Бұжықаев

 

Дата публикации
29 декабря 2025