Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
көрсетілген шешіммен бекітілген Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:
12 тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«12. Әлеуметтік көмек азаматтардың келесі санаттарына кірістерді есепке алмай көрсетіледі:
әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы санаторийлік-курорттық емделуді ұсынатын ұйымдарға мүгедектігі бар адамды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес санаторийлік-курорттық емделуге, оларды алып жүретін адамдарға арналған шығындарды өтеу үшін бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға, бір ілеспе адамнан артық емес, жылына 1 рет, тұру және тамақтану үшін нақты шығындар мөлшерінде, емдеу рәсімдерін қоспағанда, бірақ уәкілетті мемлекеттік орган айқындайтын тиісті қаржы жылына арналған әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы мүгедектігі бар адамдарға өткізу кезінде санаторийлік-курорттық емдеу құнын өтеу ретінде ұсынылатын кепілдік берілген соманың 70 пайызынан аспайды; құжаттармен расталған санаторий-курорттық ұйым бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға және онымен бірге жүретін адамға берген төленген ақыны және санаторлық-курорттық ұйым берген орындалған жұмыстардың (көрсетілген қызметтердің) актісін ұсыну арқылы жүзеге асырылады;
Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне, басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған адамдарға және Заңның 8-бабының 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген адамдарды қоспағанда, 8-бапта санамаланған басқа да адамдарға тісті протездеуге, бағалы металдар мен металл керамикадан, металл акрилден жасалған протездерден басқа, үш жылда 1 (бір) рет ақы төлеуге ұсынылған шот-фактураға сәйкес, бірақ 70 (жетпіс) айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерінде;
Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне, басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған адамдарға және Заңның 8-бабының 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген адамдарды қоспағанда, 8-бапта санамаланған басқа да адамдарға өтініш берушінің тұрғылықты жері бойынша емдеу-профилактикалық мекеменің ұсынымдарына сәйкес, Қазақстан Республикасының санаторийлерінде (профилакторийлерінде) санаторий-курорттық емделуге, санаторий-курорттық карта ұсыныла отырып, жылына 1 рет санаторий-курорттық емделу құны мөлшерінде, бірақ 50 (елу) айлық есептік көрсеткіштен аспайтын;
басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға және Заңның 8-бабының 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген адамдарды қоспағанда, 8-бапта санамаланған басқа да адамдарға коммуналдық қызметтерді төлеу және отын сатып алу үшін шығынның орнын толтыруға ай сайын 4 (төрт) айлық есептік көрсеткіштер мөлшерінде;
Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне, басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға және Заңның 8-бабының 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген адамдарды қоспағанда, 8-бапта санамаланған басқа да адамдарға, сондай-ақ Семей ядролық полигоны аймағында зардап шеккен адамдарға Қазақстан Республикасының аумағында теміржол, жолаушылар тасымалдайтын автомобиль көлігінің (таксиден басқа) бір түрімен жол жүру станциясынан ауруханаға жатқызылатын жерге дейін және кері жол жүру шығындарын өтеу үшін жылына 1 рет жол жүру құны мөлшерінде.».
|
Лауазымы |
|
Аты-жөні |