«Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау қорытындысы бойынша аналитикалық анықтама

Явленка а.                                                                    2025 ж. 14 шілде

 

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 5-тармағына және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы бұйрығымен бекітілген «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес, «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» КММ басшысының 2025 жылғы 10 маусымдағы № 53-н/қ «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»         КММ-нің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы бұйрығы негізінде, жұмыс тобымен 2025 жылғы 12 маусым мен 3 шілде аралығында бөлім қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.

Талданатын кезең: 2024 жылғы 20 қаңтардан 2025 жылғы 11 маусымға дейін.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері туралы талдамалық анықтаманы келесі құрамдағы жұмыс тобы жасады:

Бекзат Ынтықбайқызы Бидалина -халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды ұйымдастыру секторының меңгерушісі;

Ольга ИвановнаПорядина - Ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары;

Айнагүл Қайырқызы Қасенова - №1 үйдегі әлеуметтік көмек бөлімшесінің меңгерушісі;

Светлана Владимировна Корабельникова -кадр қызметін жүргізу және халықтың әлеуметтік осал топтарымен жұмыс жөніндегі бас маман;

Кулаш Занкирқызы Жақыпбекова- бухгалтерлік есепті жүргізу жөніндегі бас маман.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау келесі бағыттар бойынша жүргізілді:

1) бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

2) бөлімнің ұйымдастыру- басқару қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

 

Бөлімнің қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау:

Бөлімнің қызметін реттейтін құқықтық актілерде, ішкі құжаттарда сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бағыты бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдаудың жұмыс тобы, бөлім өз қызметінде басшылыққа алатын заңдарды, нормативтік құқықтық актілерді, құқықтық актілерді зерделеді.

Есіл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне.  Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 10 маусымдағы № 138 қаулысымен бекітілген «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ережесіне, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексіне, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Құқықтық актілер туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Мемлекеттік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 8 желтоқсандағы № 78 «Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына, өзге де құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырады.

Бөлімнің лауазымды адамдарының өз қалауы бойынша шешімдер қабылдауына ықпал ететін, жеке және заңды тұлғалардың өз құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру кезінде кедергілер жасауға ықпал ететін құқықтық актілерге, ішкі құжаттарға, ережелерге жүргізілген талдау нәтижелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді, дискрециялық өкілеттіктер мен нормаларды өз бетінше түсіндіруге мүмкіндік туғызатын, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін құқықтық олқылықтар анықталған жоқ.

 

Бөлімнің ұйымдастыру- басқару қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау

Персоналды басқару, оның ішінде кадрлардың ауысуы:

Бөлімнің штат саны мемлекеттік қызметшілер 7 бірлікті, азаматтық қызметшілер (үйдегі әлеуметтік көмек бөлімшесі)- 61 бірлікті құрайды, Нақты саны мемлекеттік қызметшілер 7 адам, азаматтық қызметшілер 71 адам.

Мемлекеттік қызметке бос орындар жоқ, азаматтық қызметке 3,25 бірлік (әлеуметтік қызметкерлер).

Талдау барысында талданатын кезеңде мемлекеттік қызметшілер бойынша кадрлардың ауысуы бар екені анықталды.

Мүгедектігі бар адамдармен және ардагерлермен жұмыс жөніндегі бас маман В.В.Редькин бөлім басшысының 2024 жылғы 11 желтоқсандағы                № 29-л/с бұйрығына сәйкес басқа мемлекеттік лауазымға ауысуына байланысты жұмыстан босатылды.

Мельникова А.С. бөлім басшысының 2025 жылғы 3 сәуірдегі №04-л/с бұйрығына сәйкес мүгедектігі бар адамдармен және ардагерлермен жұмыс жөніндегі бас маман болып қабылданды.

Сондай-ақ, объективті себептер бойынша азаматтық қызметшілердің ауысуы байқалады.

Талданып отырған кезеңде өз еркімен 5 адам жұмыстан босатылды, басқа жұмысқа ауысуына байланысты - 5, зейнетке шығуына байланысты 2 адам.

13 адам жұмысқа қабылданды.

Теріс себептермен жұмыстан шығарылғандар жоқ.

Барлық мемлекеттік және азаматтық қызметшілер атқаратын лауазымына қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келеді.

Бұрын сыбайлас жемқорлық және құқық бұзушылық жасаған адамдарды жұмысқа қабылдау фактілері жоқ.

Көтермелеу практикасын қолдануға қатысты мерекелік күндерге мамандарға сыйлықақы беру туралы өкімдер зерделенді, онда сыйлықақы төлеу сыйлықақы беру қағидаларына сәйкес (қаражатты үнемдеу есебінен) жүзеге асырылғаны анықталды.

Ішкі талдау барысында жұмыс тобымен бөлімнің ұйымдастыру- басқару қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

 

Мүдделер қақтығысын реттеу

Бөлім қызметкерлерінің жеке істерін тексеру кезінде-жақын туыстары, жұбайлары, жекжаттары атқаратын лауазымдарға тікелей бағынатын адамдар анықталған жоқ.

 

Мемлекеттік сатып алу:

Бөлім барлық әкімшілік рәсімдердің ашықтығын жеңілдету және қамтамасыз ету бойынша жүйелі міндеттерді іске асырады. Есептіліктің барлық нысандары (статистика, бухгалтерлік баланс, түгендеу, салық есептілігі) тиісті платформаларда электрондық нысанда уақтылы ұсынылады.

Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2024 жылғы 1 шілдедегі №106-VIII ҚРЗ Заңына, Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 15 наурыздағы № 171-VIII Бюджет кодексіне және өзге де нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес жүргізіледі.

Талданып отырған кезеңде жалпы сомасы 25260,0 мың теңгеге 175 шарт жасалды, оның ішінде:

баға ұсыныстары бойынша- жалпы сомасы 2431,1 мың теңгеге 43 шарт;

бір көзден тікелей тәсілмен- жалпы сомасы 4519,3 мың теңгеге 12 шарт;

өткізілмеген сатып алулар бойынша бір көзден- жалпы сомасы 8403,8 мың теңгеге 105 шарт;

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс- 5882,0 мың теңге сомасына 5 шарт;

Өнім берушінің олармен жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шарттар бойынша өз міндеттемелерін тиісінше орындамағаны үшін мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы болып танылды-1 шарт сомасы 1350,0 мың теңге;

конкурстың екінші кезеңі негіздемелік келісімді пайдалана отырып-жалпы сомасы 3052,5 мың теңгеге 6 шарт;

электрондық дүкендер -  жалпы сомасы 316,4 мың теңгеге 2 шарт;

алдын ала біліктілік іріктеумен конкурс – 654,9 мың теңге сомасына 2 шарт.

Кепілдік міндеттемелер жасалған шарттарға сәйкес орындалады.

Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспары мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында айқындалатын тәртіппен және нысанда нақтыланады және бекітіледі, өзгерістер есепті кезең ішінде енгізіледі.

Тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді жеткізушілермен шарттар уақтылы жасалады. Бекітілген мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарында көзделмеген тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуға жол берілмейді.

Жүргізілген талдау нәтижелері бойынша мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде аффиллирлену, бөлімнің басшы құрамының жақын туыстарының, жұбайларының немесе жекжаттарының әлеуетті өнім берушілерін өткізілетін мемлекеттік сатып алуға қатысу фактілері анықталған жоқ.

Қолданыстағы заңнамада лауазымды адамдар үшін белгіленген, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен тыйымдарды бұзушылықтар жоқ.

 

Мемлекеттік қызмет көрсету

Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік қызметтер Тізіліміне сәйкес Бөліммен мемлекеттік қызметтердің 16 түрі көрсетіледі. Мемлекеттік қызметтер бекітілген Мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларына сәйкес көрсетіледі.

Мемлекеттік қызметтер жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі.

Талданып отырған кезеңде бөліммен 1902 қызмет көрсетілді, оның ішінде:

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы- 7 немесе 0,4%, көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері – 1552 немесе 81,6%, «Электрондық үкіметтің» веб-порталы 345 немесе 18,1%.

Халық арасында ең өзекті Мемлекеттік қызметтер:

Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау – 1110;

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау-265;

Еңбекші көшіп келушілерге рұқсаттар беру, ұзарту және кері қайтарып алу – 98.

Көрсетілген уақыт кезеңінде мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімдерін бұзу тіркелген жоқ.

Бөлімде көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы ақпарат ғимараттың фойесінде орналастырылған, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді алу үшін өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс істейді.

Мемлекеттік қызмет алу мүмкіндіктері туралы халықтың хабардарлығын арттыру мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарында аудандық газетте мақалалар жарияланды, Facebook әлеуметтік желілерінде тұрақты негізде жұмысқа орналасу, АӘК көрсету, халықпен жүргізілетін жұмыс туралы хабарландырулар жарияланады.

Бөлім мамандарының қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

 

Мемлекеттік қызмет көрсетуге байланысты анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің саны (1 бірлік).

Әлеуметтік салада мемлекеттік қызметтер көрсетуді зерделеу кезінде, талдау барысында нормативтік құқықтық актілерде мемлекеттік қызмет көрсетуге ұсынылатын құжаттар бөлігінде, стандарттар нормаларының басқа нормативтік-құқықтық актілермен сәйкессіздігі анықталды.

         Еңбекші көшіп келушілерге рұқсаттар беру, ұзарту және кері қайтарып алу:                                                    

         Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 15 сәуірдегі № 123 бұйрығымен бекітілген еңбекші көшіп келушілерге рұқсат беру, ұзарту және кері қайтарып алу қағидаларының 19-тармағына сәйкес, рұқсат көрсетілетін қызметті алушының рұқсатты беруге немесе ұзартуға арналған өтінішінде көрсетілген мерзімге беріледі және 1 (бір) айдан 12 (он екі) айға дейін болуы мүмкін.

         Бұл ретте, көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтер тізбесінде, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген шетелдіктің, азаматтығы жоқ адамның, көшіп-қонушының, еңбекші-көшіп-қонушының (оның ішінде ЕАЭО-ға мүше мемлекеттен) денсаулық жағдайы туралы медициналық қорытынды № 028/у нысаны 3 (үш) ай мерзімге беріледі, бұл мүдделер қақтығысына әкеледі.

         № 028/у нысанының қолданылу мерзімі 3 ай болғандықтан, көші-қон қызметі 3 айдан артық рұқсат бермейді. Ережелер бойынша көрсетілетін қызметті алушылар рұқсатты беруге немесе оны 12 айға дейін ұзартуға өтініш бере алады.

         Ұсыныстар: Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жол бермеу мақсатында № 028/у нысанындағы медициналық анықтаманың және рұқсатты беруге және ұзартуға қолданылу мерзімдерін сәйкестікке келтіру туралы хатты жоғары тұрған уәкілетті органға жолдау.        

         (орындау мерзімі 2025 жылғы 29 тамызға дейін)

 

          Анықталған жасырын мемлекеттік қызметтер саны 1 бірлік:

         Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2020 жылғы 19 мамырдағы № 50/322 «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының ауылдық елдi мекендерінде тұратын және жұмыс істейтiн мемлекеттiк денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі мен мөлшерін бекіту туралы» шешіміне сәйкес Бөлім коммуналдық қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсетеді.

         2024 жылы ауданның мемлекеттік ұйымдарының бірінші басшылары бекіткен тізімдер негізінде алушылардан өтініштер талап етілмей 1340 қызмет көрсетілді.

         2020 жылдан бастап бұл қызмет мемлекеттік қызметтер Тізілімінен алынып тасталды

         Ұсыныстар: Қажетті құжаттар тізбесі бойынша регламенттеуді қамтамасыз ету, осы қызметті көрсету мерзімдерін белгілеу үшін осы қызметті мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне енгізу туралы хатты жоғары тұрған уәкілетті органға жолдау.       

         (орындау мерзімі 2025 жылғы 29 тамызға дейін)

        

         Бөлімде рұқсат беру функциялары жоқ.

         Бөлімде бақылау-қадағалау функциялары жоқ.

 

         Бөлімшенің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер:

         Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері:

         Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы № 350-VI Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексіне сәйкес,  талданып отырған кезеңде бөлімге «Е-Өтініш» АЖ-ге  49 өтініш түсті, оның ішінде: жеке тұлғалардан – 36, заңды тұлғалардан- 13. Барлық өтініштер уақтылы қаралды.

         Бөлім басшысы бекітілген, жеке мәселелер бойынша азаматтарды қабылдау кестесі бөлім ғимаратында орналасқан. Жалпы түскен өтініштерден шағымдар түскен жоқ. Қайталанған және жасырын өтініштер болған жоқ.

         Бөлімге келіп түскен барлық өтініштерге заңнамада белгіленген мерзімде түсіндірме сипаттағы жазбаша дәлелді жауаптар берілді.

         Мерзімдерді асыра және ұзарта отырып өтініштерді қарау болған жоқ.

         Құқық бұзушылыққа әкеп соқтыратын фактілерді немесе іс-әрекеттерді анықтау үшін жағдай жасау мақсатында бөлімде 2-19-99 «сенім телефоны» ұйымдастырылған және жұмыс істейді, ол бойынша азаматтардың осындай фактілер туралы хабарлауға мүмкіндігі бар. Сондай-ақ, Бөлім ғимаратының фойесінде «Ұсыныстар, ескертулер мен жауаптар үшін» арнайы жәшік орнатылған.

Сот актілері:  Талданған кезеңде бөлім сотқа талап арыздар берген жоқ.

Бөлім қызметкерлеріне қатысты жағымсыз материалдарды анықтау үшін бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланымдарға мониторинг жүргізілді. Зерттелген кезеңде теріс материалдар анықталған жоқ.

 

Қорытынды: Қабылданып жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды жақсарту бойынша ұсыныстар:

қызметкерлердің «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» заң талаптарын дұрыс орындауын қамтамасыз ету;

бөлім қызметкерлері арасында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша түсіндіру іс-шараларын жүргізуді жалғастыру;

Мемлекеттік сатып алуды өткізудің ашықтығына бақылауды жүзеге асыру және «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын мүлтіксіз сақтауды қамтамасыз ету (ұсынысты іске асыру мерзімі: тұрақты);

Мемлекеттік қызметтерді бекітілген мемлекеттік қызмет көрсету Ережелеріне сәйкес көрсету;

азаматтардың өтініштерімен жұмыс істеуде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын қатаң басшылыққа алу қажет;

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу.

 

 

 

Комиссия мүшелері:                                        Б.Бидалина

                                                                           О.Порядина

                                                                           А.Қасенова

                                                                           С.Корабельникова

                                                                           К.Жақыпбекова

 

 

 

«Таныстым»

   ЖҚжӘББ басшысының м.а.

_________________Б.Бидалина

«14» шілде 2025ж.

Дата публикации
30 июля 2025