БҰЙЫРАМЫН:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасы бойынша кедейлік шегі:
1) 2023 жылғы 1 шілдеден бастап – мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға жүгінген тоқсанының алдындағы тоқсанға есептелген ең төмен күнкөріс деңгейінің 70 пайызы мөлшерінде;
2) 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап – мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға жүгінген тоқсанының алдындағы тоқсанға есептелген медианалық табыстың 35 пайызы, бірақ көрсетілген тоқсанға есептелген өңірлік ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызынан төмен емес мөлшерінде айқындалсын.».
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында оның ресми жарияланғаннан кейін орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Аз қамтылған азаматтарды әлеуметтік қолдау жөніндегі шаралар туралы
Облыста табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен азаматтарға қолдау көрсету бойынша жұмыс жалғасуда.
Жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен төмен (СҚО бойынша 2024 жылдың 4-тоқсанында КШ - 37 710 тг.) отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі – АӘК) беріледі.
АӘК өмірдегі қиын жағдайдан шығару үшін отбасына кешенді қолдау көрсетуді көздейді.
Біріншіден, бұл 2 түрге жіктелген ақшалай төлем: шартсыз және шартты ақшалай көмек.
Еңбекке қабілетсіз азаматтары бар отбасыларға шартсыз ақшалай көмек көрсетіледі және олар үшін жәрдемақы алу үшін жұмыспен қамту шараларына міндетті түрде қатысу талап етілмейді.
Шартты ақшалай көмек отбасы құрамында кемінде бір еңбекке қабілетті мүшесі жұмысқа орналасқан отбасыларға беріледі.
Екіншіден, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөніндегі шаралар. АӘК тағайындаудың барлық кезеңіне отбасымен әлеуметтік келісімшарт жасалады. Келісімшартты бұзу бүкіл отбасына АӘК төлеуді тоқтату және келесі алты айда АӘК тағайындаудан бас тарту үшін негіз болып табылады.
Үшіншіден, 1 жастан 6 жасқа дейінгі аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға 1,5 айлық есептік көрсеткіш (2024 жылы 5 538 теңге) мөлшерінде қосымша төлем беріледі.
2024 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша 5 082 азаматқа (1171 отбасы) 450 млн. теңгеге АӘК көрсетілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 26% - ға төмен (2023 ж. 01.12. - 6 895 адам)
1 500 бала 53 млн. теңгеге қосымша төлем алды.
Анықтама: АӘК алушылардың жалпы санынан алғанда 63,4 %-ы - аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар; 4,0 %-ы - өтініш берген кездегі жұмыссыздар; 14,2 %-ы - ең төменгі жалақысы бар жұмысшы азаматтар; 12,2% -ы – күтіммен айналысатын адамдар; 6,2%-ы басқалар.
АӘК-тің басты мақсаты - еңбекке қабілетті азаматтарды жұмыспен қамту шараларына тарту, еңбекке ынталандыру арқылы кедейліктен арылту.
Жыл басынан бері АӘК алушы 525 жұмыссыз жұмыспен қамтылды, оның ішінде:
- 352 адам тұрақты жұмыс орындарына орналастырылды;
- 107 адам қоғамдық жұмыстарға жіберілді;
- 11 адам әлеуметтік жұмыс орындарына жіберілді;
- 18 адам біліктілікті арттыру, қайта даярлау және қайта оқыту курстарына жіберілді;
- 11 адам жастар тәжірибесіне жіберілді;
- 26 адамға грант беру түрінде кәсіпкерлік бастамаға жәрдем көрсетілді.
Бұл ретте, жоспарда 81% болғанда «Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тартылған еңбекке қабілетті АӘК алушылардың үлес салмағы 94%-ды (2023 ж. 01.12. жағдай бойынша – 85%) құрады.
2025 жылы кедейлік шегін есептеудегі өзгерістер
Әлеуметтік кодекске сәйкес 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап АӘК тағайындау үшін кедейлік шегі халықтың медиандық кірісінен айқындалатын болады
Ағымдағы жылы Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Ұлттық статистика бюросымен бірлесіп, Отбасының цифрлық картасының деректері негізінде тоқсан сайынғы медиандық кіріс мөлшерін есептеді.
Жүргізілген есептеулер нәтижесінде кедейлік шегі медиандық кірістің 35% деңгейінде, бірақ қолданыстағы деңгейден төмен емес, яғни өңірлік ең төмен күнкөріс деңгейінің 70% деңгейінде айқындалды .
Кедейлік шегін анықтау барысында медиандық кірісті енгізу атаулы әлеуметтік көмек мөлшерінің азаюына әкелмейтінін атап кеткен жөн.
Атаулы әлеуметтік көмекке жүгінген отбасыларды тексеретін учаскелік комиссиялардың қызметін цифрландыру
2025 жылы алға қойылған негізгі міндет учаскелік комиссияның қызметін цифрландыру болып табылады.
АӘК тағайындау кезінде учаскелік комиссиялар отбасының материалдық жағдайына жүргізілген тексеру негізінде АӘК көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарады. Бүгінгі таңда бұл зерттеу қағаз түрінде жүргізіледі және қол қою үшін ұйымдастырушылық шараларды қажет етеді.
Осылайша, тексеру жүргізу кезінде формальды тәсілді болдырмау және автоматтандыру мақсатында учаскелік комиссиялар үшін FSM Social мобильдік қосымшасы әзірленді.
Мобильді қосымшаны пайдалану кезінде учаскелік комиссияның мүшесі отбасының материалдық жағдайы бойынша барлық деректерді оған енгізеді, алдын ала қорытынды шығарады және учаскелік комиссияның басқа мүшелеріне қол қоюға жібереді.
Мобильді қосымшаны енгізудің артықшылығы:
- геолокацияны анықтау (өтініш берушінің нақты географиялық орны);
- жедел шешім қабылдау және қорытынды шығару рәсімін оңайлату;
- зерттеу жүргізу және шешім шығару кезінде формальды тәсілді алып тастау.
Атаулы әлеуметтік көмек көрсету тетігін жетілдіру
Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында нақты мұқтаж азаматтардың жиынтық табыстары мен шығыстарын айқындауды ескере отырып халыққа әлеуметтік көмек көрсету тетігі жетілдірілуде.
АӘК тағайындау кезінде АӘК тағайындау қажеттілігін айқындау өлшемшарттарын мынадай өлшемшарттармен толықтыру ұсынылады:
тұрғын үй және (немесе) жеңіл автокөлік сатып алу;
отбасының әрбір мүшесіне айына бір ең төмен күнкөріс деңгейінен жоғары мөлшердегі ипотекалық қарызды қоспағанда, банктік қарыздарды және (немесе) микрокредиттерді ресімдеу;
жиынтығында отбасының әрбір мүшесіне айына кедейлік шегінен асатын адамның (отбасының) банктік шоттары бойынша шығыс операцияларының болуы;
ипотекалық депозитті қоспағанда, бір отбасына 200 АЕК-тен астам мөлшердегі жинақ салымының, депозиттің болуы.
2025 жылғы 1 қаңтардан бастап АӘК-ке үміткер адамдардың келісімін ала отырып, азаматтардың шығыстарын есепке алу тетігін сынақтан өткізу жөніндегі пилоттық жобаны іске қосу жоспарлануда.
Өтініш беруші АӘК алу үшін уәкілетті органға жүгініп, пилоттық жобаға қатысуға өтініш береді. Осыдан кейін өтініш берушінің отбасының құрамындағы барлық кәмелетке толған адамдардың жеке телефон нөмірлеріне 1414 нөмірінен sms-хабарлама жіберіледі, олар оған бір жұмыс күні ішінде жауап беруі тиіс.
Ақпаратты жинақталған түрде өтініш берушінің келісімі бойынша және мемлекеттік органдар мен ұйымдардың ақпараттық жүйелері арқылы алуға болатынын ата кеткен жөн.
|
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі |
|
С. Жакупова |