Қол жетімділікті бақылау

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің ұсынымына сәйкес, мемлекеттік қызметтер көрсетудің қолжетімділігі мен сапасын зерделеу жөніндегі мониторингтік топ "AMANAT" партиясы филиалының өкілі С.С.Нұрекинмен, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы В.В.Редькинмен, Есіл ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бас маманы А.А.Октябрьмен бірлесіп 2024 жылғы 5 маусымда мемлекеттік қызмет көрсету орындарында мүмкіндігі шектеулі жандарға жағдай жасау тұрғысынан әлеуметтік маңызы бар объектілердің қолжетімділігіне мониторинг жүргізілді: Есіл ауданы бой ынша мемлекеттік кірістер басқармасы, Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы, агроөнеркәсіп кешеніндегі аудандық аумақтық инспециясы, Явленка аудандық ауруханасы, аудандық вкетеринариялық станция, аудандық архив.
         Мониторинг қорытындысы бойынша кемшіліктерді жою бойынша ұсыныстар берілді.
         Бұл бағыттағы жұмыс жалғасатын болады.

Дата публикации
11 июня 2024