Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық анықтама

«Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау қорытындысы бойынша аналитикалық анықтама

 

Явленка а.                                                                   2024 ж. 12 наурыз

 

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 5-тармағына және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы бұйрығымен бекітілген «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес, «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» КММ басшысының 2024 жылғы 18 қаңтардағы № 25 НҚ «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»         КММ-нің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы бұйрығы негізінде, жұмыс тобымен 2024 жылғы 22 қаңтар мен 26 ақпан аралығында бөлім қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.

Талданатын кезең: 2023 жылғы 1 мамырдан 2024 жылғы 19 қаңтарға дейін.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері туралы талдамалық анықтаманы келесі құрамдағы жұмыс тобы жасады:

Бекзат Ынтықбайқызы Бидалина -халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды ұйымдастыру секторының меңгерушісі;

Төлеген Құпашұлы Мұқашев -ардагерлер кеңесінің төрағасы;

Айнагүл Қайырқызы Қасенова - №1 үйдегі әлеуметтік көмек бөлімшесінің меңгерушісі;

Светлана Владимировна Корабельникова -кадр қызметін жүргізу және халықтың әлеуметтік осал топтарымен жұмыс жөніндегі бас маман;

Кулаш Занкирқызы Жақыпбекова- бухгалтерлік есепті жүргізу жөніндегі бас маман.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау келесі бағыттар бойынша жүргізілді:

1) бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

2) бөлімнің ұйымдастыру- басқару қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

 

Бөлімнің қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау:

Бөлімнің қызметін реттейтін құқықтық актілерде, ішкі құжаттарда сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бағыты бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдаудың жұмыс тобы, бөлім өз қызметінде басшылыққа алатын заңдарды, нормативтік құқықтық актілерді, құқықтық актілерді зерделеді.

Есіл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 10 маусымдағы № 138 қаулысымен бекітілген «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ережесіне, Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексіне, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Құқықтық актілер туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Мемлекеттік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы               8 желтоқсандағы № 78 «Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына, өзге де құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырады.

«Бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау» бағыты бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау нәтижесінде мынадай нормативтік-құқықтық актілерде 3 бірлік соқтығысу анықталды:

  1. Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 9 тамыздағы № 632 «Объектіні пайдалануға қабылдау актісінің нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі № 234 және «Құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы және орындалған жұмыстардың жобаға сәйкестігі туралы қорытындылардың, сәйкестік туралы декларацияның нысандарын бекіту туралы» 2017 жылғы 24 сәуірдегі № 235 бұйрықтарына өзгерiстер енгізу туралы» бұйрығына сәйкес объектіні пайдалануға беру кезінде халықты әлеуметтік қорғау органы халықтың аз қозғалатын топтарының қолжетімділігін қамтамасыз ету бөлігінде сәйкестік туралы декларацияны келіседі.

Бөлім мамандары объектілерге барады, тиісті білімі, біліктілігі жоқ, осы мәселеде арнайы талаптарды білмей, қол жетімділігі бойынша сәйкестікті көзбен тексереді.

Бұл функция ережеде де, бөлімнің лауазымдық нұсқаулықтарында да бекітілмеген.

Ұсынылады:

объектілерді салу, реконструкциялау және жөндеу кезінде әрқашан авторлық және техникалық қадағалаулар болады, объектілерді тапсыру кезінде олар осы тармақты бақылап, Еңбек және әлеуметтік қорғау Комитетінің СҚО бойынша департаментін сәйкестік туралы декларацияға енгізуді ұсынамыз, өйткені олардың функционалдығына халықтың аз қозғалатын топтары үшін объектілердің қолжетімділігін бақылау мәселелері кіреді.  (орындау мерзімі 2024 жылғы 30 сәуірге дейін)

 

  1. Жұмыспен қамту бөлімімен жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарды жеке көмекшінің қызметімен қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетіледі. (Әлеуметтік кодексінің 163-бабы).

Анықтама: жеке көмекші – жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамды бірге алып жүру және объектілерге барған кезде көмек көрсету бойынша қызметтер көрсететін адам (Әлеуметтік кодексінің   1-бабының 55)-тармақшасы).

«Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарды жеке көмекшінің қызметімен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызмет көрсетуді реттейтін нормативтік құқықтық актілерде жеке көмекшінің қызметін бақылау мәселелері реттелмеген.

Мүгедектігі бар адамды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдар үшін жеке көмекшінің қызметтерін ұсыну қағидаларының 41 және 43-тармақтарында жеке көмекшінің қызметтеріне ақы төлеуді жұмыспен қамту бөлімдері орындалған жұмыстардың (көрсетілген қызметтердің) актісі негізінде, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмей жүргізеді.

Іс жүзінде мүгедектігі бар адамдарға жеке көмекшінің жалған қызмет көрсету фактілері жиі кездеседі.

Бұл факт жеке көмекшінің міндеттерін орындауын бақылауды жүзеге асыруға қатысты заңнамадағы олқылық түріндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелінің бар екендігін куәландырады.

Ұсынылады:

Заңнамалық деңгейде жеке көмекші қандай қызметтерді көрсетуі керек және қанша рет (мысалы: жеке көмекші 1-ші топтағы мүгедектігі бар адаммен күн сайын дүкендер мен дәріханаларда 8 сағат бойы жүрмейді). Себебі 1 топтағы мүгедектер нашар қозғалады немесе көбіне жатады.

(орындау мерзімі 2024 жылғы 30 сәуірге дейін)

 

  1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2023 жылғы 7 маусымдағы № 207 «Мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген мүгедек адамдар үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларының (бұдан әрі-Қағидалар) 8-тармағына сәйкес:

«Квотаны облыстардың, республикалық, Астана қалаларының жергілікті атқарушы органдары қызметкерлердің тізімдік саны бар ұйымдарға белгілейді:

елуден жүз адамға дейін – қызметкерлердің тізімдік санының екі пайызы мөлшерінде;

жүз бір адамнан екі жүз елу адамға дейін – қызметкерлердің тізімдік санының үш пайызы мөлшерінде;

екі жүз елу бір адамнан астам – қызметкерлердің тізімдік санының төрт пайызы мөлшерінде.»

Бұл ретте, ауданның елді мекендерінде жұмыскерлер саны 50 адамнан асатын кәсіпорындар іс жүзінде жоқ, бұл өте ыңғайсыз фактор болып табылады, өйткені саны 50 адамнан аз бос жұмыс орындары бар және мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыруға келісетін кәсіпорындарға жоғарыда көрсетілген Қағидаларға сәйкес жұмыс орындарының квотасын белгілеу мүмкін емес.

Ұсынылады: тізімдік саны 50 адамнан және одан жоғары өлшемшарттың күшін жою бөлігінде ережеге өзгерістер енгізу туралы ұсыныспен жоғары тұрған органға хат жолдау.

(орындау мерзімі 2024 жылғы 30 сәуірге дейін)

 

Персоналды басқару, оның ішінде кадрлардың ауысуы:

 

Бөлімнің штат саны 7 бірлік мемлекеттік қызметшілер, нақты саны-7 адам.

Талдау барысында талданатын кезеңде мүгедектігі бар адамдармен және ардагерлермен жұмыс жөніндегі бас маман 21.08.2023 жылдан бастап бос орынға қабылданды.

Көтермелеу практикасын қолдануға қатысты мерекелік күндерге мамандарға сыйлықақы беру туралы өкімдер зерделенді, онда сыйлықақы төлеу сыйлықақы беру қағидаларына сәйкес (қаражатты үнемдеу есебінен) жүзеге асырылғаны анықталды.

Ішкі талдау барысында жұмыс тобы бөлімнің ұйымдастыру-басқару қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтаған жоқ.

 

Мүдделер қақтығысын реттеу

Бөлім қызметкерлерінің жеке істерін тексеру кезінде-жақын туыстары, жұбайлары, жекжаттары атқаратын лауазымдарға тікелей бағынатын адамдар анықталған жоқ.

 

Мемлекеттік сатып алу:

Бөлім барлық әкімшілік рәсімдердің ашықтығын жеңілдету және қамтамасыз ету бойынша жүйелі міндеттерді іске асырады. Есептіліктің барлық нысандары (статистика, бухгалтерлік баланс, түгендеу, салық есептілігі) тиісті платформаларда электрондық нысанда уақтылы ұсынылады.

Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №434-V «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы                     4 желтоқсандағы № 95-IV Бюджет Кодексі және өзге де нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес жүргізіледі.

Талданып отырған кезеңде жалпы сомасы 13933,7 мың теңгеге 93 шарт жасалды, оның ішінде:

баға ұсыныстары бойынша-жалпы сомасы 616,7 мың теңгеге 19 шарт;

бір көзден тікелей тәсілмен-жалпы сомасы 1380,5 мың теңгеге 6 шарт;

өткізілмеген сатып алулар бойынша бір көзден-жалпы сомасы 8637,6 мың теңгеге 54 шарт.

электрондық дүкендер -  жалпы сомасы 555,1 мың теңгеге 9 шарт.

Конкурстың екінші кезеңі негіздемелік келісімді пайдалана отырып - жалпы сомасы 2743,8 мың теңгеге 5 шарт.

Кепілдік міндеттемелер жасалған шарттарға сәйкес орындалады.

Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспары мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында айқындалатын тәртіппен және нысанда нақтыланады және бекітіледі, өзгерістер есепті кезең ішінде енгізіледі.

Тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді жеткізушілермен шарттар уақтылы жасалады. Бекітілген мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарында көзделмеген тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуға жол берілмейді.

Жүргізілген талдау нәтижелері бойынша мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде аффиллирлену, бөлімнің басшы құрамының жақын туыстарының, жұбайларының немесе жекжаттарының әлеуетті өнім берушілерін өткізілетін мемлекеттік сатып алуға қатысу фактілері анықталған жоқ.

Қолданыстағы заңнамада лауазымды адамдар үшін белгіленген, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен тыйымдарды бұзушылықтар жоқ.

 

Мемлекеттік қызмет көрсету

Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік қызметтер Тізіліміне сәйкес Бөліммен мемлекеттік қызметтердің 16 түрі көрсетіледі. Мемлекеттік қызметтер бекітілген стандарттар мен Мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларына сәйкес көрсетіледі. Мемлекеттік қызметтер жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі.

Талданып отырған кезеңде бөліммен 443 қызмет көрсетілді, оның ішінде:

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы-24 немесе 5,4%, көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері – 256 немесе 57,8%, «Электрондық үкіметтің» веб-порталы 183 немесе 41,3%.

Халық арасында ең өзекті Мемлекеттік қызметтер:

Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау – 177;

Көрсетілген уақыт кезеңінде мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімдерін бұзу тіркелген жоқ.

Бөлімде көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы ақпарат ғимараттың фойесінде орналастырылған, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді алу үшін өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс істейді.

Мемлекеттік қызмет алу мүмкіндіктері туралы халықтың хабардарлығын арттыру мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарында аудандық газетте мақалалар жарияланды, Facebook әлеуметтік желілерінде тұрақты негізде жұмысқа орналасу, АӘК көрсету, халықпен жүргізілетін жұмыс туралы хабарландырулар жарияланады.

Бөлім мамандарының қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

 

Мемлекеттік қызмет көрсетуге байланысты анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің саны (3 бірлік).

Әлеуметтік салада мемлекеттік қызметтер көрсетуді зерделеу кезінде, талдау барысында нормативтік құқықтық актілерде мемлекеттік қызмет көрсетуге ұсынылатын құжаттар бөлігінде, стандарттар нормаларының басқа нормативтік-құқықтық актілермен сәйкессіздігі анықталды.

 

  1. «Ақталған адамға куәлік беру:

         Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 28 ақпандағы № 78 «Ақталған адамға куәлік беру қағидаларын және ақталған адам куәлігінің үлгісін бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген ақталған адамға куәлік беру қағидаларында, құжаттар тізбесінде өтініш берушіге 3х4 сантиметр көлеміндегі фотосуретті ұсыну көрсетілмеген, алайда ақталған адам куәлігінің үлгісінде фотосуретке арналған орын көзделген.

         Ұсыныстар: «Ақталған адамға куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына, құжаттар тізбесіне 3х4 сантиметр көлеміндегі фотосуретті ұсыну қажеттілігі енгізілсін.

         (орындау мерзімі 2024 жылғы 30 сәуірге дейін)

 

         2.Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау мемлекеттік қызметі

         Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы № 84 «Әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы» бұйрығымен бекітілген «Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына сәйкес, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:

көрсетілетін қызметті беруші, ауылдық округ әкімі, «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырады.

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және қағаз түрінде.

         Алайда, бүгінгі таңда бұл мемлекеттік қызмет тек қағаз түрінде көрсетіледі, портал арқылы өтініш беру мүмкін емес, өйткені қызмет барлық уақытта қол жетімді емес.

         Ұсыныстар: Осы мемлекеттік қызметті көрсетілетін қызметті алушының өзі мемлекеттік органға емес, көрсетілетін қызметті берушімен тікелей байланыспай, порталға жүгіне алатындай етіп пысықтау.

         (орындау мерзімі 2024 жылғы 30 сәуірге дейін)

 

  1. «Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу» мемлекеттiк қызметі

 

         Тәуекел атауы: құжаттарды ұсыну бөлігінде НҚА-да қайшылықтар бар.

         Тәуекелдің сипаттамасы: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 22 маусымдағы № 230 бұйрығымен бекітілген арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдар қызметінің қағидаларының (бұдан әрі-Қағидалар) 28-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, қызмет алушылардың жеке ісінде сақталатын құжаттар тізбесінде «он сегіз жастан асқан адамдар үшін – соттың адамды әрекетке қабілетсіз деп тануы туралы шешімінің көшірмесі (бар болса)» тармақ бар, бірақ Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 28 мамырдағы № 197 «Арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» (бұдан әрі-мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары) бұйрығымен бекітілген «Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу» мемлекеттiк қызмет көрсету қағидаларында

мемлекеттік қызметті көрсету үшін, көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтер тізбесінде бұл құжат қажет емес, сондай ақ Мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына сәйкес «балалар үшін-психологиялық- медициналық- педагогикалық консультация  қорытындысының көшірмесі» талап етіледі, алайда қызмет алушылардың жеке ісінде сақталатын құжаттар тізімінде бұл құжат жоқ.

         Ұсыныстар: осы қызмет бойынша жоғары тұрған органдарға барлық нормативтік-құқықтық актілердегі құжаттар тізбесін сәйкестендіру жөніндегі хат жолдасын. (орындау мерзімі 2024 жылғы 30 сәуірге дейін)

        

  1. Анықталған жасырын мемлекеттік қызметтер саны 1 бірлік:

         Бөлім «Әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамдарға қорғаншылық пен қамқоршылық белгілеу» жасырын қызметін көрсетеді.

         «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 121-бабына сәйкес адамға қорғаншылықты немесе қамқоршылықты немесе мүлікке қорғаншылықты белгiлеу қажеттiгi туралы тиiстi органдарға белгiлi болған кезден бастап жиырма жұмыс күні iшiнде қорғаншылық немесе қамқоршылық белгiленедi.

         Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 382 қаулысымен бекітілген мемлекеттік қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларын жүзеге асыру қағидаларының (бұдан әрі-Қағидалар) 6-тармағына сәйкес, аудандардың, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары мемлекеттiң кәмелетке толмағандарға қатысты қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларын білім беру мен денсаулық сақтаудың уәкілетті органдары, кәмелетке толғандарға қатысты – халықты әлеуметтiк қорғаудың уәкілетті органдары жүзеге асырады.

         Сонымен қатар, Қағидаларда әрекетке қабілетсіз кәмелетке толғандарға қатысты әлеуметтік қорғаудың уәкілетті органының функциясы жоқ, өйткені Қағидалардың 7-тармағының 18) тармақшасында ғана әрекетке қабілетсіз кәмелетке толғандарға қатысты іс-әрекеттер көрсетілген, кәмелетке толмағандар мен кәмелетке толғандардың мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтарын, мүдделерін қорғау үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де әрекеттерді жүзеге асырады.

         Кәмелетке толған әрекетке қабілетсіз адамдармен жұмыс істеу стандарты, Халықты әлеуметтік қорғау органының кәмелетке толған әрекетке қабілетсіз адамдардың құқықтарын қорғау жөніндегі іс-әрекеті жоқ.

         Ұсыныстар: Халықты әлеуметтік қорғау органдары үшін қажетті құжаттар тізбесін, осы қызметті көрсету мерзімдерін белгілеу т.б. регламенттеуді қамтамасыз ету үшін ,осы қызметті мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне енгізу туралы жоғары тұрған органға хат жолдау.

         (орындау мерзімі 2024 жылғы 30 сәуірге дейін)

 

         Бөлімде рұқсат беру функциялары жоқ.

         Бөлімде бақылау-қадағалау функциялары жоқ.

 

         Бөлімшенің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер:

         Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері:

         Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы № 350-VI Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексіне сәйкес,  талданып отырған кезеңде бөлімге «Е-Өтініш» АЖ-ге  22 өтініш түсті, оның ішінде: жеке тұлғалардан – 18, заңды тұлғалардан-4. Барлық өтініштер уақтылы қаралды.

         Бөлім басшысы бекітілген, жеке мәселелер бойынша азаматтарды қабылдау кестесі бөлім ғимаратында орналасқан. Жалпы түскен өтініштерден шағымдар түскен жоқ. Қайталанған және жасырын өтініштер болған жоқ.

         Бөлімге келіп түскен барлық өтініштерге заңнамада белгіленген мерзімде түсіндірме сипаттағы жазбаша дәлелді жауаптар берілді.

         Мерзімдерді асыра және ұзарта отырып өтініштерді қарау болған жоқ.

         Құқық бұзушылыққа әкеп соқтыратын фактілерді немесе іс-әрекеттерді анықтау үшін жағдай жасау мақсатында бөлімде 2-19-99 «сенім телефоны» ұйымдастырылған және жұмыс істейді, ол бойынша азаматтардың осындай фактілер туралы хабарлауға мүмкіндігі бар. Сондай-ақ, Бөлім ғимаратының фойесінде «Ұсыныстар, ескертулер мен жауаптар үшін» арнайы жәшік орнатылған.

Сот актілері: талданған кезеңде бөлім сотқа талап арыздар берген жоқ.

Бөлім қызметкерлеріне қатысты жағымсыз материалдарды анықтау үшін бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланымдарға мониторинг жүргізілді. Зерттелген кезеңде теріс материалдар анықталған жоқ.

 

Қорытынды: Қабылданып жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды жақсарту бойынша ұсыныстар:

қызметкерлердің «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» заң талаптарын дұрыс орындауын қамтамасыз ету;

бөлім қызметкерлері арасында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша түсіндіру іс-шараларын жүргізуді жалғастыру;

Мемлекеттік сатып алуды өткізудің ашықтығына бақылауды жүзеге асыру және 2015 жылғы 4 желтоқсандағы «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын мүлтіксіз сақтауды қамтамасыз ету (ұсынысты іске асыру мерзімі: тұрақты);

Мемлекеттік қызметтерді бекітілген мемлекеттік қызмет көрсету Ережелеріне сәйкес көрсету;

азаматтардың өтініштерімен жұмыс істеуде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын қатаң басшылыққа алу қажет;

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу.

 

 

 

Комиссия мүшелері:                                        Б.Бидалина

                                                                           Т.Мұқашев

                                                                           А.Қасенова

                                                                           С.Корабельникова

                                                                           К.Жақыпбекова

 

 

«Таныстым»

   ЖҚжӘББ басшысы

_________________Т.Бұжықаев

«12» наурыз 2024ж.

«Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау қорытындысы бойынша аналитикалық анықтама Явленка а. 2024 ж. 12 наурыз «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 5-тармағына және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы бұйрығымен бекітілген «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес, «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» КММ басшысының 2024 жылғы 18 қаңтардағы № 25 НҚ «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» КММ-нің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы бұйрығы негізінде, жұмыс тобымен 2024 жылғы 22 қаңтар мен 26 ақпан аралығында бөлім қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді. Талданатын кезең: 2023 жылғы 1 мамырдан 2024 жылғы 19 қаңтарға дейін. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері туралы талдамалық анықтаманы келесі құрамдағы жұмыс тобы жасады: Бекзат Ынтықбайқызы Бидалина -халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды ұйымдастыру секторының меңгерушісі; Төлеген Құпашұлы Мұқашев -ардагерлер кеңесінің төрағасы; Айнагүл Қайырқызы Қасенова - №1 үйдегі әлеуметтік көмек бөлімшесінің меңгерушісі; Светлана Владимировна Корабельникова -кадр қызметін жүргізу және халықтың әлеуметтік осал топтарымен жұмыс жөніндегі бас маман; Кулаш Занкирқызы Жақыпбекова- бухгалтерлік есепті жүргізу жөніндегі бас маман. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау келесі бағыттар бойынша жүргізілді: 1) бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау; 2) бөлімнің ұйымдастыру- басқару қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау. Бөлімнің қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау: Бөлімнің қызметін реттейтін құқықтық актілерде, ішкі құжаттарда сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бағыты бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдаудың жұмыс тобы, бөлім өз қызметінде басшылыққа алатын заңдарды, нормативтік құқықтық актілерді, құқықтық актілерді зерделеді. Есіл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 10 маусымдағы № 138 қаулысымен бекітілген «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ережесіне, Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексіне, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Құқықтық актілер туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Мемлекеттік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 8 желтоқсандағы № 78 «Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына, өзге де құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырады. «Бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау» бағыты бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау нәтижесінде мынадай нормативтік-құқықтық актілерде 3 бірлік соқтығысу анықталды: 1. Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 9 тамыздағы № 632 «Объектіні пайдалануға қабылдау актісінің нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі № 234 және «Құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы және орындалған жұмыстардың жобаға сәйкестігі туралы қорытындылардың, сәйкестік туралы декларацияның нысандарын бекіту туралы» 2017 жылғы 24 сәуірдегі № 235 бұйрықтарына өзгерiстер енгізу туралы» бұйрығына сәйкес объектіні пайдалануға беру кезінде халықты әлеуметтік қорғау органы халықтың аз қозғалатын топтарының қолжетімділігін қамтамасыз ету бөлігінде сәйкестік туралы декларацияны келіседі. Бөлім мамандары объектілерге барады, тиісті білімі, біліктілігі жоқ, осы мәселеде арнайы талаптарды білмей, қол жетімділігі бойынша сәйкестікті көзбен тексереді. Бұл функция ережеде де, бөлімнің лауазымдық нұсқаулықтарында да бекітілмеген. Ұсынылады: объектілерді салу, реконструкциялау және жөндеу кезінде әрқашан авторлық және техникалық қадағалаулар болады, объектілерді тапсыру кезінде олар осы тармақты бақылап, Еңбек және әлеуметтік қорғау Комитетінің СҚО бойынша департаментін сәйкестік туралы декларацияға енгізуді ұсынамыз, өйткені олардың функционалдығына халықтың аз қозғалатын топтары үшін объектілердің қолжетімділігін бақылау мәселелері кіреді. (орындау мерзімі 2024 жылғы 30 сәуірге дейін) 2. Жұмыспен қамту бөлімімен жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарды жеке көмекшінің қызметімен қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетіледі. (Әлеуметтік кодексінің 163-бабы). Анықтама: жеке көмекші – жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамды бірге алып жүру және объектілерге барған кезде көмек көрсету бойынша қызметтер көрсететін адам (Әлеуметтік кодексінің 1-бабының 55)-тармақшасы). «Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарды жеке көмекшінің қызметімен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызмет көрсетуді реттейтін нормативтік құқықтық актілерде жеке көмекшінің қызметін бақылау мәселелері реттелмеген. Мүгедектігі бар адамды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдар үшін жеке көмекшінің қызметтерін ұсыну қағидаларының 41 және 43-тармақтарында жеке көмекшінің қызметтеріне ақы төлеуді жұмыспен қамту бөлімдері орындалған жұмыстардың (көрсетілген қызметтердің) актісі негізінде, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмей жүргізеді. Іс жүзінде мүгедектігі бар адамдарға жеке көмекшінің жалған қызмет көрсету фактілері жиі кездеседі. Бұл факт жеке көмекшінің міндеттерін орындауын бақылауды жүзеге асыруға қатысты заңнамадағы олқылық түріндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелінің бар екендігін куәландырады. Ұсынылады: Заңнамалық деңгейде жеке көмекші қандай қызметтерді көрсетуі керек және қанша рет (мысалы: жеке көмекші 1-ші топтағы мүгедектігі бар адаммен күн сайын дүкендер мен дәріханаларда 8 сағат бойы жүрмейді). Себебі 1 топтағы мүгедектер нашар қозғалады немесе көбіне жатады. (орындау мерзімі 2024 жылғы 30 сәуірге дейін) 3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2023 жылғы 7 маусымдағы № 207 «Мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген мүгедек адамдар үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларының (бұдан әрі-Қағидалар) 8-тармағына сәйкес: «Квотаны облыстардың, республикалық, Астана қалаларының жергілікті атқарушы органдары қызметкерлердің тізімдік саны бар ұйымдарға белгілейді: елуден жүз адамға дейін – қызметкерлердің тізімдік санының екі пайызы мөлшерінде; жүз бір адамнан екі жүз елу адамға дейін – қызметкерлердің тізімдік санының үш пайызы мөлшерінде; екі жүз елу бір адамнан астам – қызметкерлердің тізімдік санының төрт пайызы мөлшерінде.» Бұл ретте, ауданның елді мекендерінде жұмыскерлер саны 50 адамнан асатын кәсіпорындар іс жүзінде жоқ, бұл өте ыңғайсыз фактор болып табылады, өйткені саны 50 адамнан аз бос жұмыс орындары бар және мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыруға келісетін кәсіпорындарға жоғарыда көрсетілген Қағидаларға сәйкес жұмыс орындарының квотасын белгілеу мүмкін емес. Ұсынылады: тізімдік саны 50 адамнан және одан жоғары өлшемшарттың күшін жою бөлігінде ережеге өзгерістер енгізу туралы ұсыныспен жоғары тұрған органға хат жолдау. (орындау мерзімі 2024 жылғы 30 сәуірге дейін) Персоналды басқару, оның ішінде кадрлардың ауысуы: Бөлімнің штат саны 7 бірлік мемлекеттік қызметшілер, нақты саны-7 адам. Талдау барысында талданатын кезеңде мүгедектігі бар адамдармен және ардагерлермен жұмыс жөніндегі бас маман 21.08.2023 жылдан бастап бос орынға қабылданды. Көтермелеу практикасын қолдануға қатысты мерекелік күндерге мамандарға сыйлықақы беру туралы өкімдер зерделенді, онда сыйлықақы төлеу сыйлықақы беру қағидаларына сәйкес (қаражатты үнемдеу есебінен) жүзеге асырылғаны анықталды. Ішкі талдау барысында жұмыс тобы бөлімнің ұйымдастыру-басқару қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтаған жоқ. Мүдделер қақтығысын реттеу Бөлім қызметкерлерінің жеке істерін тексеру кезінде-жақын туыстары, жұбайлары, жекжаттары атқаратын лауазымдарға тікелей бағынатын адамдар анықталған жоқ. Мемлекеттік сатып алу: Бөлім барлық әкімшілік рәсімдердің ашықтығын жеңілдету және қамтамасыз ету бойынша жүйелі міндеттерді іске асырады. Есептіліктің барлық нысандары (статистика, бухгалтерлік баланс, түгендеу, салық есептілігі) тиісті платформаларда электрондық нысанда уақтылы ұсынылады. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №434-V «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Бюджет Кодексі және өзге де нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес жүргізіледі. Талданып отырған кезеңде жалпы сомасы 13933,7 мың теңгеге 93 шарт жасалды, оның ішінде: баға ұсыныстары бойынша-жалпы сомасы 616,7 мың теңгеге 19 шарт; бір көзден тікелей тәсілмен-жалпы сомасы 1380,5 мың теңгеге 6 шарт; өткізілмеген сатып алулар бойынша бір көзден-жалпы сомасы 8637,6 мың теңгеге 54 шарт. электрондық дүкендер - жалпы сомасы 555,1 мың теңгеге 9 шарт. Конкурстың екінші кезеңі негіздемелік келісімді пайдалана отырып - жалпы сомасы 2743,8 мың теңгеге 5 шарт. Кепілдік міндеттемелер жасалған шарттарға сәйкес орындалады. Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспары мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында айқындалатын тәртіппен және нысанда нақтыланады және бекітіледі, өзгерістер есепті кезең ішінде енгізіледі. Тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді жеткізушілермен шарттар уақтылы жасалады. Бекітілген мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарында көзделмеген тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуға жол берілмейді. Жүргізілген талдау нәтижелері бойынша мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде аффиллирлену, бөлімнің басшы құрамының жақын туыстарының, жұбайларының немесе жекжаттарының әлеуетті өнім берушілерін өткізілетін мемлекеттік сатып алуға қатысу фактілері анықталған жоқ. Қолданыстағы заңнамада лауазымды адамдар үшін белгіленген, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен тыйымдарды бұзушылықтар жоқ. Мемлекеттік қызмет көрсету Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік қызметтер Тізіліміне сәйкес Бөліммен мемлекеттік қызметтердің 16 түрі көрсетіледі. Мемлекеттік қызметтер бекітілген стандарттар мен Мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларына сәйкес көрсетіледі. Мемлекеттік қызметтер жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі. Талданып отырған кезеңде бөліммен 443 қызмет көрсетілді, оның ішінде: «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы-24 немесе 5,4%, көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері – 256 немесе 57,8%, «Электрондық үкіметтің» веб-порталы 183 немесе 41,3%. Халық арасында ең өзекті Мемлекеттік қызметтер: Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау – 177; Көрсетілген уақыт кезеңінде мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімдерін бұзу тіркелген жоқ. Бөлімде көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы ақпарат ғимараттың фойесінде орналастырылған, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді алу үшін өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс істейді. Мемлекеттік қызмет алу мүмкіндіктері туралы халықтың хабардарлығын арттыру мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарында аудандық газетте мақалалар жарияланды, Facebook әлеуметтік желілерінде тұрақты негізде жұмысқа орналасу, АӘК көрсету, халықпен жүргізілетін жұмыс туралы хабарландырулар жарияланады. Бөлім мамандарының қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызмет көрсетуге байланысты анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің саны (3 бірлік). Әлеуметтік салада мемлекеттік қызметтер көрсетуді зерделеу кезінде, талдау барысында нормативтік құқықтық актілерде мемлекеттік қызмет көрсетуге ұсынылатын құжаттар бөлігінде, стандарттар нормаларының басқа нормативтік-құқықтық актілермен сәйкессіздігі анықталды. 1. «Ақталған адамға куәлік беру: Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 28 ақпандағы № 78 «Ақталған адамға куәлік беру қағидаларын және ақталған адам куәлігінің үлгісін бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген ақталған адамға куәлік беру қағидаларында, құжаттар тізбесінде өтініш берушіге 3х4 сантиметр көлеміндегі фотосуретті ұсыну көрсетілмеген, алайда ақталған адам куәлігінің үлгісінде фотосуретке арналған орын көзделген. Ұсыныстар: «Ақталған адамға куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына, құжаттар тізбесіне 3х4 сантиметр көлеміндегі фотосуретті ұсыну қажеттілігі енгізілсін. (орындау мерзімі 2024 жылғы 30 сәуірге дейін) 2.Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау мемлекеттік қызметі Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы № 84 «Әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы» бұйрығымен бекітілген «Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына сәйкес, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру: көрсетілетін қызметті беруші, ауылдық округ әкімі, «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырады. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және қағаз түрінде. Алайда, бүгінгі таңда бұл мемлекеттік қызмет тек қағаз түрінде көрсетіледі, портал арқылы өтініш беру мүмкін емес, өйткені қызмет барлық уақытта қол жетімді емес. Ұсыныстар: Осы мемлекеттік қызметті көрсетілетін қызметті алушының өзі мемлекеттік органға емес, көрсетілетін қызметті берушімен тікелей байланыспай, порталға жүгіне алатындай етіп пысықтау. (орындау мерзімі 2024 жылғы 30 сәуірге дейін) 3. «Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу» мемлекеттiк қызметі Тәуекел атауы: құжаттарды ұсыну бөлігінде НҚА-да қайшылықтар бар. Тәуекелдің сипаттамасы: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 22 маусымдағы № 230 бұйрығымен бекітілген арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдар қызметінің қағидаларының (бұдан әрі-Қағидалар) 28-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, қызмет алушылардың жеке ісінде сақталатын құжаттар тізбесінде «он сегіз жастан асқан адамдар үшін – соттың адамды әрекетке қабілетсіз деп тануы туралы шешімінің көшірмесі (бар болса)» тармақ бар, бірақ Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 28 мамырдағы № 197 «Арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» (бұдан әрі-мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары) бұйрығымен бекітілген «Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу» мемлекеттiк қызмет көрсету қағидаларында мемлекеттік қызметті көрсету үшін, көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтер тізбесінде бұл құжат қажет емес, сондай ақ Мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына сәйкес «балалар үшін-психологиялық- медициналық- педагогикалық консультация қорытындысының көшірмесі» талап етіледі, алайда қызмет алушылардың жеке ісінде сақталатын құжаттар тізімінде бұл құжат жоқ. Ұсыныстар: осы қызмет бойынша жоғары тұрған органдарға барлық нормативтік-құқықтық актілердегі құжаттар тізбесін сәйкестендіру жөніндегі хат жолдасын. (орындау мерзімі 2024 жылғы 30 сәуірге дейін) 4. Анықталған жасырын мемлекеттік қызметтер саны 1 бірлік: Бөлім «Әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамдарға қорғаншылық пен қамқоршылық белгілеу» жасырын қызметін көрсетеді. «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 121-бабына сәйкес адамға қорғаншылықты немесе қамқоршылықты немесе мүлікке қорғаншылықты белгiлеу қажеттiгi туралы тиiстi органдарға белгiлi болған кезден бастап жиырма жұмыс күні iшiнде қорғаншылық немесе қамқоршылық белгiленедi. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 382 қаулысымен бекітілген мемлекеттік қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларын жүзеге асыру қағидаларының (бұдан әрі-Қағидалар) 6-тармағына сәйкес, аудандардың, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары мемлекеттiң кәмелетке толмағандарға қатысты қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларын білім беру мен денсаулық сақтаудың уәкілетті органдары, кәмелетке толғандарға қатысты – халықты әлеуметтiк қорғаудың уәкілетті органдары жүзеге асырады. Сонымен қатар, Қағидаларда әрекетке қабілетсіз кәмелетке толғандарға қатысты әлеуметтік қорғаудың уәкілетті органының функциясы жоқ, өйткені Қағидалардың 7-тармағының 18) тармақшасында ғана әрекетке қабілетсіз кәмелетке толғандарға қатысты іс-әрекеттер көрсетілген, кәмелетке толмағандар мен кәмелетке толғандардың мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтарын, мүдделерін қорғау үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де әрекеттерді жүзеге асырады. Кәмелетке толған әрекетке қабілетсіз адамдармен жұмыс істеу стандарты, Халықты әлеуметтік қорғау органының кәмелетке толған әрекетке қабілетсіз адамдардың құқықтарын қорғау жөніндегі іс-әрекеті жоқ. Ұсыныстар: Халықты әлеуметтік қорғау органдары үшін қажетті құжаттар тізбесін, осы қызметті көрсету мерзімдерін белгілеу т.б. регламенттеуді қамтамасыз ету үшін ,осы қызметті мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне енгізу туралы жоғары тұрған органға хат жолдау. (орындау мерзімі 2024 жылғы 30 сәуірге дейін) Бөлімде рұқсат беру функциялары жоқ. Бөлімде бақылау-қадағалау функциялары жоқ. Бөлімшенің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер: Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері: Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы № 350-VI Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексіне сәйкес, талданып отырған кезеңде бөлімге «Е-Өтініш» АЖ-ге 22 өтініш түсті, оның ішінде: жеке тұлғалардан – 18, заңды тұлғалардан-4. Барлық өтініштер уақтылы қаралды. Бөлім басшысы бекітілген, жеке мәселелер бойынша азаматтарды қабылдау кестесі бөлім ғимаратында орналасқан. Жалпы түскен өтініштерден шағымдар түскен жоқ. Қайталанған және жасырын өтініштер болған жоқ. Бөлімге келіп түскен барлық өтініштерге заңнамада белгіленген мерзімде түсіндірме сипаттағы жазбаша дәлелді жауаптар берілді. Мерзімдерді асыра және ұзарта отырып өтініштерді қарау болған жоқ. Құқық бұзушылыққа әкеп соқтыратын фактілерді немесе іс-әрекеттерді анықтау үшін жағдай жасау мақсатында бөлімде 2-19-99 «сенім телефоны» ұйымдастырылған және жұмыс істейді, ол бойынша азаматтардың осындай фактілер туралы хабарлауға мүмкіндігі бар. Сондай-ақ, Бөлім ғимаратының фойесінде «Ұсыныстар, ескертулер мен жауаптар үшін» арнайы жәшік орнатылған. Сот актілері: талданған кезеңде бөлім сотқа талап арыздар берген жоқ. Бөлім қызметкерлеріне қатысты жағымсыз материалдарды анықтау үшін бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланымдарға мониторинг жүргізілді. Зерттелген кезеңде теріс материалдар анықталған жоқ. Қорытынды: Қабылданып жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды жақсарту бойынша ұсыныстар: қызметкерлердің «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» заң талаптарын дұрыс орындауын қамтамасыз ету; бөлім қызметкерлері арасында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша түсіндіру іс-шараларын жүргізуді жалғастыру; Мемлекеттік сатып алуды өткізудің ашықтығына бақылауды жүзеге асыру және 2015 жылғы 4 желтоқсандағы «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын мүлтіксіз сақтауды қамтамасыз ету (ұсынысты іске асыру мерзімі: тұрақты); Мемлекеттік қызметтерді бекітілген мемлекеттік қызмет көрсету Ережелеріне сәйкес көрсету; азаматтардың өтініштерімен жұмыс істеуде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын қатаң басшылыққа алу қажет; Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу. Комиссия мүшелері: Б.Бидалина Т.Мұқашев А.Қасенова С.Корабельникова К.Жақыпбекова «Таныстым» ЖҚжӘББ басшысы _________________Т.Бұжықаев «12» наурыз 2024ж.
Дата публикации
29 марта 2024