Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығымен бекітілген "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес 2026 жылы 1 тоқсандағы бөліммен 17 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
2026 жылғы 1 тоқсандағы ішінде бөліммен барлығы 505 Мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде:
- электрондық үкімет порталы арқылы 255 мемлекеттік қызмет:
- "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау" - 20 қызмет;
- "Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу" - 1 қызмет,
- Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау" - 234 қызмет;
- «Е-Собес», «Е-Халык»- 411 қызмет:
- "Мүгедектерді есту бойынша мүгедектерге жестау тілі маманының қызметімен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу" – 9 қызмет;
- ""Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарды жеке көмекшінің қызметімен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу " - 4 қызмет;
- "Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек көрсету үшін оларға құжаттарды ресімдеу" – 17 қызмет,
- Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау" - 322 қызмет;
- "Еңбекші көшіп келушілерге рұқсат беру және ұзарту" -8 қызмет;
- "Мүгедектерді техникалық-көмекші (компенсаторлық) құралдармен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу" - 49 қызмет;
- "Мүгедектерді арнайы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу" – 3 қызмет;
- "Мүгедектер мен мүгедек балаларды санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу" - 19 қызмет;
- "Үйде күтім жасау жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге құжаттарды ресімдеу" – 11 қызмет;
- «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу» -4 қызмет;
"Әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамдарға қорғаншылық немесе қамқоршылық белгілеу" -2 қызмет.
ХҚКО арқылы-2 қызмет:
- "Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек көрсету үшін оларға құжаттарды ресімдеу" – 1 қызмет,
Бөлім көрсететін барлық қызметтер тегін.
Халыққа мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қолжетімділік және ақпараттандыру мақсатында бөлім ғимаратында көрнекі ақпараты бар стендтер (стандарттар, көрсетілетін қызметтердің атауы және оларды көрсетуге жауапты тұлғалар, жұмыс кестесі, өтініш үлгілері) орналастырылған. Осыған ұқсас ақпарат бөлімнің сайтында "Мемлекеттік қызметтер" бөлімінде орналастырылған. Бөлімнің стендтері мен сайтындағы ақпарат үнемі жаңартылып отырады.
Көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат
мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша
2026 жылғы 1 тоқсандағы мемлекеттік қызмет көрсетуге шағымдар түскен жоқ.