Хаттама

Жолаушылар мен багажды тұрақты ішкі республикалық
автомобиль тасымалдары маршруттарына қызмет көрсету құқығына
арналған конкурс өткізу жөніндегі конкурстық комиссия отырысының

ХАТТАМАСЫ

Маршрут: «Черуновка – Явленка»

Күні: 2026 жылғы 12 қаңтар

Уақыты: 15:00

Өткізу орны: Есіл ауданы, Явленка ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 10-үй, әкімдік ғимараты, 4-кабинет (мәжіліс залы)

Күн тәртібі:

1. № 1 лот бойынша жолаушылар мен багажды тұрақты ішкі республикалық автомобиль тасымалдары маршрут(тар)ына қызмет көрсету құқығына конкурсқа берілген өтінімдерді қарау.

2. Конкурс нәтижелері бойынша шешім қабылдау.

Отырыстың барысы:

Конкурстық комиссияның хатшысы «2025 жылғы 12 желтоқсандағы» хабарландыруға сәйкес № 1 лот бойынша конкурсқа қатысуға келесі қатысушыдан бір өтінім түскенін баяндады:

Өтінім белгіленген мерзімде түскен, тіркелген және Қағидалардың 169–170-тармақтарының талаптарына сәйкес рәсімделген.

Алайда, Қағидалардың 179-тармағына сәйкес, егер конкурсқа тек бір ғана өтінім берілсе, конкурс өткізілмеді деп танылады.

Комиссия шешімі:

Жоғарыда айтылғандардың негізінде конкурстық комиссия қаулы етті:

№ 1 лот бойынша (маршрут: «Черуновка – Явленка») конкурс жолаушылар мен багажды тұрақты ішкі республикалық автомобиль тасымалдары маршруттарына қызмет көрсету құқығына арналған конкурстарды ұйымдастыру және өткізу қағидаларының 179-тармағына сәйкес, тек бір өтінімнің берілуіне байланысты өткізілмеді деп танылсын.

Дата публикации
15 января 2026