«Есіл ауданы бойынша 2024-2028 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихаты шешімінің жобасына баспасөз-релизі
«Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының «Жайылымдар туралы» Заңына сәйкес «Есіл ауданы бойынша 2024-2028 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының шешім жобасын әзірледі.
Шешім жобасы Қоғамдық кеңеспен келісуде.
Шешімнің бұл жобасы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына қайшы келмейді және нормативтік құқықтық актілерге қойылатын талаптарға жауап береді.
Барлық мүдделі азаматтар жобаны талқылауға қатыса алады, сілтеме бойынша өтіңіз https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=15256251.
Бөлім басшысы Е. Губа
v