«Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау
ХАТТАМАСЫ
Явленка ауылы 2026 жыл 23 маусым
Төрағалық етті: Нұрлан Мәнапұлы Бимақанов - аудандық Ардагерлер кеңесінің төрағасы.
Өткізу орны: А.Иманов, 78 А мекенжайы бойынша орналасқан, бөлім ғимараты.
Қатысты:
Қоғамдық кеңес мүшесі: Азамат Советұлы Некібаев.
Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің мамандары: әдіскер Марина Сергеевна Кривошеева.
КҮН ТӘРТІБІ:
«Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау
ТЫҢДАДЫ:
«Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері туралы ақпарат
(Е.В. Губа – жер қатынастары бөлімі басшысы)
Салалар бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында, «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі анықтаған, сыбайлас жемқорлық тәуекелдері талқыланды:
1) талдау объектісінің қызметіне қатысты, нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
2) талдау объектісінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Мемлекеттік қызмет көрсетудегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері, нормативтік құқықтық актілердегі қайшылықтар және.т.б. анықталды.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері туралы ақпарат талқыланды және назарға алынды.
Қоғамдық талқылау нәтижелері бойынша «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің атына ұсыныстар, ескертулер түскен жоқ.
Аудандық Ардагерлер
кеңесінің төрағасы Н. М. Бимақанов