GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Бөлім туралы
Қызметі
Баспасөз орталығы
Құжаттар
Онлайн қабылдау
Байланыс ақпараты
Үкіметтік емес ұйымдарға арналған әлеуметтік жобалар
Все материалы
08 июля 2026
1 шілдеден бастап Қазақстанда үкіметтік емес ұйымдарға арналған жыл сайынғы сыйлықақы беру байқауына өтінім қабылдау басталды.

1 шілдеден бастап Қазақстанда үкіметтік емес ұйымдарға арналған жыл сайынғы сыйлықақы беру байқауына өтінім қабылдау басталды.

Кейінгі тоғыз жыл ішінде бұл сыйлықақы 558 үкіметтік емес ұйымға табысталды. Жыл сайын олардың қатарында аудандар мен ауылдық елді мекендердің дамуына үлес қосып жүрген 10-ға жуық ауылдық үкіметтік емес ұйым бар.

Егер ұйымыңыз қоғамдық бастамаларды жүзеге асыруға белсенді қатысып, өз саласында нәтижелі жұмыс атқарып, әлеуметтік маңызы бар мәселелерді шешуге үлес қосып жүрсе, сіздерді үздік үкіметтік емес ұйымдарды анықтауға арналған байқауға қатысуға шақырамыз.

✔️Өтінім қабылдау 2026 жылғы 1 қыркүйекте сағат 18:30-да (Астана уақытымен) аяқталады.

Байқауға қатысу талаптары туралы толық ақпаратты мына сілтеме арқылы білуге болады:
https://www.gov.kz/memleket/entities/akk/documents/details/1035722?lang=kk

Қосымша ақпарат бойынша мына телефондарға хабарласуға болады:
8 (7172) 74-07-41, 74-09-97, 74-02-17.

12 июня 2026
2026 жылғы 12 маусымда «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелеріне қоғамдық талқылау өткізеді.
2026 жылғы 12 маусымда «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелеріне қоғамдық талқылау өткізеді.
Барлық мүдделі тұлғалар талқылауға қатыса алады.
Қатысуға қатысты сұрақтар бойынша 2026 жылдың 19 маусымына дейін 21872 телефонына хабарласуға болады.
01 декабря 2025
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс тақырыптарын жария талқылаудың аяқталуы туралы есеп

№

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жоспарланған тақырыбы

Авторын көрсете отырып, ескертулер және (немесе) ұсыныстар (қысқаша мазмұны)

Ескертулердің және (немесе) ұсыныстардың қабылданбауы бойынша негіздемесі бар мемлекеттік органның қорытындысы

1

Отбасы институтын және отбасылық құндылықтарды нығайтуға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру.

Жоқ

Жоқ

2

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру

Жоқ

Жоқ

3

Есіл ауданы тұрғындары арасында терроризм мен экстремизмнің алдын алуға, конфессияаралық және этносаралық келісімді, жалпыұлттық бірлікті нығайтуға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру

Жоқ

Жоқ

4

Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы жастары арасында нашақорлықтың алдын алуға бағытталған іс-шаралар кешені.

Жоқ

Жоқ

5

Жастар саясатын, волонтерлік және балалар бастамаларын қолдауға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру.

 

 

 

Үкіметтік емес ұйымдар
29 октября 2025
2026 жылға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс жобаларын жария талқылау туралы хабарландыру

2026 жылға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс жобаларын жария талқылау туралы хабарландыру

«Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» КММ 2026 жылға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс жобаларын жария талқылау туралы хабарлайды

Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрінің 2018 жылғы 15 тамыздағы №18 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру, іске асыру мониторингі және нәтижелерін бағалау қағидаларына сәйкес, «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» КММ 2026 жылға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс жобаларын жария талқылау өткізілетінін хабарлайды.

Жария талқылау 2025 жылғы 30 қазан мен 13 қараша аралығында онлайн форматта 10 жұмыс күні ішінде өткізіледі.

Сұрақтар, пікірлер, ұсыныстар мен ескертулер жазбаша түрде (электрондық пошта: politvnut_esil1@mail.ru) немесе ауызша түрде (телефон: 8 7154322523) қабылданады. Сонымен қатар, пікірлерді ресми сайтта да қалдыруға болады.

Жобалар тізіміне сілтеме:   https://www.gov.kz/memleket/entities/esil-ovp/projects/details/3826?lang=kk 

Анықтама телефоны: 8 7154322523

02 июля 2025
Ормандардағы өрт қауіпсідігі ережелерін сақтау шаралары
02 июля 2025
Құрғақ шопті өртеме
Дін және діни терроризм мен экстремизмге қарсы іс - қимыл
08 апреля 2025
Есіл ауданында терроризмге қарсы жоспарлы оқу-жаттығулар өткізу туралы

2025 жылғы 9 сәуірде Явленка ауылында терроризмге қарсы күрес жөніндегі Есіл аудандық жедел штабы терроризмге қарсы жаттығулар өткізеді.

Бұл оқу-жаттығулардың мақсаты - практикалық дағдыларды пысықтау және құқық қорғау, арнайы органдардың күштері мен құралдарының шұғыл әрекет етуге және терроризм актісіне байланысты ықтимал төтенше жағдайлардың жолын кесуге дайындығын тексеру.

Оқу-жаттығу барысында «АЛАН» брондалған доңғалақты көлігі іске қосылады, сондай-ақ Тәуелсіздік, Әбішев, Қизатов, Ыбыраев көшелерінде және Гагарин даңғылында қозғалысқа уақытша шектеулер енгізіледі. Сонымен қатар, аудан тұрғындары мен қонақтарынан уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды және қауіпсіздік шараларын сақтауды сұраймыз.

 

Солтүстік Қазақстан облыстық

терроризмге қарсы жедел штаб

02 апреля 2025
Көктемгі- егістік науқанында орман өрттерін болыдрмау

Жыл сайын Есіл ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері орман өрттің болдырму мақсатында егістік салу науқанының басталу алдында үлкен алдын алу жұмыстарын жүргізеді. Бірақта қолданылған шаралар ТЖ арқашан да құтқармайды.

Аудан аумағында орман өрттерін болдырмау мақсатында ауыл шаруашылқ құрылымдарының басшыларына көктемгі- егістік жұмыстарын жұргізген кезде келесі шараларды орындау қажет:

-көктемгі- егістік жұмыстарына пайдаланылатын ауыл шаруашылық техникаларын алғашқы өрт сөндіру құралдарымен қамтамасыз ету қажет (өрт сөндіргіштермен);

-көктемгі- егістік жұмыстарының алдында барлық соған жұмсалатын түлғаларға өртке қарсы кеңестер, нұсқаулықтар өткізу керек;

-барлық өрт сөндіруге жұмсалынатын техникаларды шұғыл дайындықта үстау, ЖЖМ мен қамтамасыз ету және де ЕӨҚ мүшелеріне  тәулік бойы күзетуді ұйымдастыру, ТЖ бола қалған жағдайға ЖЖМ қоры болу;

-ауылшаруашылқ жерлерінде от жағуды және былтырғы қалдықтарды, сабандарды жағуға тиым салынады;

-ауыл шаруашылқ техникаларына ЖЖМ толтыру үшін айналасы 4 метрлі жыртылым және қоқыстардан, қураған шөптерден тазаланған арнайы аландар дайындау;

-түн уақытында және де машиналарды, және басқа да таркторларды маторлары істеп түрған кезде жанар жағар маймен толтыруға тиым салынады;

 

Есіл ауданының төтенше жағдай бөлімі

Этносаралық қатынастар
01 апреля 2025
«Мерейлi отбасы-2028» Ұлттық конкурс туралы хабарлама

Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы  6 желтоқсандағы № 250 өкіміне сәйкес Қазақстанда жыл сайын «Мерейлі отбасы»  ұлттық конкурсы өткізіледі.

Ұлттық конкурс адамгершілік құндылықтарды жаңғыртуға және отбасы мен некенің (ерлі-зайыптылықтың) оң бейнесін насихаттауға, отбасы мәртебесін арттыруға бағытталған.

Конкурсқа өзін-өзі ұсыну арқылы, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың, заңды тұлғалардың ұсынуы бойынша отбасылар қатысады.

Конкурсқа қатысу үшін өтінім аудандық (қалалық) комиссияларына 2025 жылғы 16 наурыздан 15 мамырға дейін тапсырылады.

Бірінші – аудандық (қалалық) кезең ( 16 наурыздан  15 мамырға дейін).

Екінші – облыстық кезең ( 15 маусымнан 15 тамызға дейін).

Ағымдағы жылдан бастап облыстық комиссиялардың шешімдері негізінде жеңімпаз отбасыларға «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының лауреаты атағы беріледі.

Толық ақпаратты «СҚО әкімдігінің ішкі саясат басқармасы»  КММ сайтынан алуға болады www.dvp.sko.gov.kz.

 

Үкіметтік емес ұйымдар
06 марта 2025
«Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 41-бабының 5-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйымдар жыл сайын 31 наурызға дейін ҮЕҰ Дерекқорын қалыптастыру үшін Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитетіне қызмет туралы мәліметтерді ұсынуы қажет.

«Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 41-бабының 5-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйымдар жыл сайын 31 наурызға дейін ҮЕҰ Дерекқорын қалыптастыру үшін Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитетіне қызмет туралы мәліметтерді ұсынуы қажет.

Интернет-порталда https://esep.govtec.kz/ ҮЕҰ Дерекқорына мәліметтерді ұсыну нысаны және ҮЕҰ-ға арналған нұсқаулық орналастырылған.

https://esep.govtec.kz/video.mp4  Нұсқаулық ❗

Мәліметтер ұсынылмаған жағдайда үкіметтік емес ұйымдар Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 489-1-бабына сәйкес әкімшілік жауаптылыққа тартылатын болады.

https://esep.govtec.kz/«ҮЕҰдерекқоры»АЖжаңацифрлықплатформағакөшкеніненазараударамыз.

 

 

 

В соответствии с пунктом 5 статьи 41 Закона Республики Казахстан «О некоммерческих организациях», некоммерческим организациям, осуществляющим деятельность на территории Республики Казахстан, ежегодно до 31 марта необходимо предоставлять в Комитет по делам гражданского общества Министерства информации и общественного развития Республики Казахстан сведения о деятельности для формирования Базы данных НПО.

На интернет-портале https://esep.govtec.kz/ размещены Форма предоставления сведений в базу данных НПО и инструкция для НПО.

https://esep.govtec.kz/video.mp4 ИНСТРУКЦИЯ ❗

В случае непредоставления сведений, неправительственные организации будут привлекаться к административной ответственности согласно статье 489-1 КоАП Республики Казахстан.

https://esep.govtec.kz/ Обращаем Ваше внимание, на то что ИС «База данных НПО» перешла на новую цифровую платформу .

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы