1-қосымша
Өңірлерде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру
Этникалық құрамдас бөлікке басты назар аударып этносаралық келісім идеологиясын «мәдениетаралық диалог», «бірлік», «алуан түрлілік» және т.б. месседждер арқылы ғана трансляциялау айырмашылықтарды атап көрсету, нәтижесінде Қазақстан аумағында тұратын этникалық топтар арасындағы әлеуметтік және мәдени кедергілерді нығайту тәуекелдеріне ие. Бұл ретте, мәдениетаралық көзқарас, атап айтқанда, өзекті қоғамдық-әлеуметтік тақырыптарға қоғамдық назар аудару этносаралық қатынастарды оң қабылдауға және түсіндіруге ықпал ететін болады.
Осыған байланысты этноәлеуметтік алыстаудың алдын алу және этносаралық саладағы жағымсыз сценарийлерді дамыту мақсатында барлық санаттағы жергілікті халықтың қатысуымен ақпараттық-ағартушылық лекциялар сериясын, әл-ауқат, денсаулық, білім беру, азаматтық және т.б. тақырыптарға тақырыптық кездесулер өткізу ұсынылады.
Осы іс-шаралар шеңберінде:
Тақырыптар тізбесі 1-қосымшада қоса берілген.
Сондай-ақ, жергілікті жерлерде спикерлер бекітілгеннен кейін ақпаратты беру сапасын және ҚР АҚДМ КРМО идеологиялық құрамдасын арттыру мақсатында іс-шараларды ұйымдастыру және спикерлерді дайындау бойынша онлайн нұсқаулық-кеңес өткізіледі.
Өңірлерде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру үшін ұсынылатын тақырыптар тізбесі
| № | Атауы | Негізгі тезистер | Иллюстрациялар бойынша ұсыныстар | Ескерту |
| 1. | «Отбасы және денсаулық – бақытты ұрпақ» | - ерте және жақын туысқан арасында некелердің алдын алу;- репродуктивті денсаулық;- отбасылық тәрбие;- әйелдер мен балалардың денсаулығы;- ересектер мен балаларды вакциналау және егу;- аурулардың алдын алу, өз-өзіне қол жұмсау және нашақорлықтың алдын алу. | Мүгедектік, туа біткен аурулар бойынша статистика;Инфографика. | |
| 2. | «Мен азаматпын. Мен – патриот» | - азаматтық қатысу арқылы өзін-өзі танужәне жетістікке жету жолдары туралы матч;- азаматтық белсенділік;- экологиялық сана;- ҮЕҰ, мемлекеттік және басқа гранттараясындағы мүмкіндіктер;- ШОБ дамыту үшін мүмкіндіктер меннақты жағдайлар;- Партия қатарына қосылу, мемлекеттікқызмет;- барлық деңгейдегі сайлауға қатысу;- мен өзім, ауылым және айналам үшін неістей аламын? | Табысты істердің тарихы;Алгоритмдер;Инфографика. | |
| 3. | «Ұтқырлық – табыстың кілті» | - ұтқырлық адами капиталдың негізгікомпоненті ретінде;- ішкі көші-қон мүмкіндіктері (білім,жұмыс, жаңа ресурстар). | Ұтқырлық индексі статистикасы: шетелдік тәжірибе;Бағдарламалар бойынша басқа өңірлерге қоныс аударудың табысты қазақстандық тәжірибесі («Серпін – 2050» және т. б.) | |
| 4. | «Әскердегі қызмет – әлеуметтену және әлеуметтік көтеру институты» | - армияның тәрбиелік құрамдас бөлігі;- әскери қызметтің артықшылықтары;- мансап құру мүмкіндіктері;- азаматтық борышын өтеу – Отандықорғау;- ер мінезді тәрбиелеу;- қаңтар оқиғасынан кейін күшейген армиякүшінің ерекше құндылығы. | Инфографика, статистические данные. | |
| 5. | «Білім – өмірдегі табыстың кілті» | - мамандық таңдау;- мемлекеттік тілді үйрену;- барлық деңгейдегі сапалы білім алу;- еңбек өнімділігін арттыру;- жаңа технологияларды енгізу. | Білім беру гранттарының статистикасы;Болашақ мамандықтары;Жаңа технологияларды енгізудің табысты кейстері. | |
| 6. | «Ұлттық жобалар – барлығына арналған нақты мүмкіндіктер» | - ұлттық, мемлекеттік жобалардыңмүмкіндіктері;- бағдарламалар тізімі;- қатысу тәртібі;- консультация;- ақпарат көздері;- сәтті кейстер. | Жобалардың нәтижелері бойынша статистика;Инфографика (қатысу тәртібі және кеңес беру). | |
| 7. | «Ақпараттық сауаттылық - өзіңді алдауға жол берме» | - фактчекинг;- әлеуметтік желілердегі мінез-құлық;- жалған ақпарат таратқаны үшінқұқықтық жауапкершілік;- «дұшпандық тілі». | Дайджест;Құқық бұзушылықтар бойынша статистика;Инфографика. | |
| 8. | «ҚХА жобалары» | - ҚХА әлеуметтік, мәдени, қайырымдылықжобалары;- жобалар мүмкіндіктері;- қатысу ережелері. | Жобалардың нәтижелері бойынша статистика;Инфографика (қатысу мүмкіндіктері мен ережелері). | |
| 9. | «Қақтығыстарда бәрі жеңіледі» | - жанжалда тікелей/жанама қатысушыларда, құрбандар да, айдап салушылар да, бақылаушылар да, бүкіл халық ұтылады. | Слайдтар, қирау суреттері, шығындар мен шығындар статистикасы | |
| 10. | «Жазаның бұлтартпастығы» | - ешкімнің басқа адамды кемсітуге құқығы жоқ;- азаматтардың заң алдындағы теңдігі;- жалған және шынайы патриотизм. | Инфографика;Этносаралық алауыздықты, ксенофобияны қоздырғаны, өшпенділік тілін таратқаны үшін жазалардың, сондай-ақ өңірлер мен жас бөлінісінде, оның ішінде Қордай оқиғаларының қорытындылары бойынша барлық нысандардағы кемсітушіліктердің статистикасы | |
| 11. | «Тарих бізді біріктіреді» | - біздің ата-бабаларымыз санасыныңашықтығы халқымыздың мәдени кодының ерекшеліктерінің бірі ретінде;- Ұлы Жібек жолы аумағындағыкоммуникация және мәдени алмасу тарихы;- ортақ тарихи тағдыр;- елдің дамуына қосқан жалпы үлесі;- Қазақстан – Ұлы Дала мұрасы ретіндекөптілділік және полимәдениеттілік орталығы;- қазіргі ұрпақтың толеранттылық пен жанашырлық сезімі. | Әр түрлі халықтардың экономикалық, әлеуметтік-мәдени қарым-қатынастарының тарихи фактілері;Парсы, араб және басқа тілдерден қазақ тіліндегі кірме сөздер мәдениетаралық диалогтың мысалы ретінде;Жеке тұлғалардың мысалдары. |