Меню

Страницы

Статья

МЕЖЭТНИКА БОЙЫНША ГЛОССАРИЙ «ПОЛИМӘДИНИЕТТІ ҚОҒАМДАҒЫ КОНФЛИКТ МЕНЕДЖМЕНТІ»

МЕЖЭТНИКА БОЙЫНША ГЛОССАРИЙ

«ПОЛИМӘДИНИЕТТІ ҚОҒАМДАҒЫ КОНФЛИКТ МЕНЕДЖМЕНТІ»

АККУЛЬТУРАЦИЯ – мәдиниеттердің өзара әсер ету процесі (мәдени ерекшеліктерімен алмасу), бір этностың басқа этностың мәдиниетін толық немесе ішінара қабылдауы. Аккультурация  мен ассимиляцияның айырмашылығы – екінші жағдайда бір этностың өз тілі мен мәдиниетін басқа, басым тілмен байланыста толық жоғалтуы.

КОКУС (КОКУСТЫ МЕДИАЦИЯ) – медиация процедурасының негізгі кезеңдерінің бірі, медиатордың қақтығыстың әр тарапыан «көзбе-көз» кездесуі. Мұндай кездесулердің саны және бөлінген уақыт көлемі әр тарап үшін бірдей (тараптардың тең құқықтылығы қағидаты сақталады).

КОНФЛИКТООГИЯЛЫҚ ҚҰЗЫРЕТТІЛІК– нақты қақтығыста әрекет етушінің (ұйымның, әлеуметтік топтың, қоғамдық қозғалыстың және т.б.) жағдайдың деструктивті нысандарын азайтуға және әлеуметтік тұрғыда жағымсыз қақтығыстарды оң бағытқа ауыстыруға бағытталған қызметті жүзеге асыру қабілеті.

ҚАҒИДАТТЫ КЕЛІССӨЗДЕР ӘДІСІ (ағылш. Principled negotiation) – тараптардың әрқайсысының өз ұстанымдарын қорғауға емес, керісінше ортақ мүдделерге назар аударатын келіссөздер әдісі. Гарвард келіссөздер мектебімен негізі қаланды. Қағидатты келіссөздер тараптардың өзара пайдасы қағидатына негізделеді («win-win» қағидаты).

ҚАҚТЫҒЫС ДИНАМИКАСЫ– қақтығыстың негізгі кезеңдері мен деңгейлерін, фазаларын қамтитын даму процесі.

ҚАҚТЫҒЫСДИАГНОСТИКАСЫ– қақтығыстың даму жағдайын анықтау. Қақтығысты диагностикалау: 1) қақтығыс әрекеттерінің қатысушыларына әсер ету тәсілдерін әзірлеу; 2) қақтығысты тоқтату немесе басқа, неғұрлым бейбіт кезеңге ауыстыру мақсатында қолданылады.

ҚАҚТЫҒЫС МЕНЕДЖМЕНТІ – қақтығыс әсер ететін әлеуметтік жүйені дамыту немесе бұзу мақсатында қақтығыс динамикасына объективті заңдармен негізделген мақсатты әсер ету.

ҚАҚТЫҒЫСТАРДЫ АЛДЫН АЛУ – қақтығыстардың туындау мүмкіндігін болдырмайтын өмір сүру жағдайларын жасау және нығайту жөніндегі қызмет.

ҚАҚТЫҒЫСТЫ РЕТТЕУ – қақтығысқа қатысушылардың, сондай-ақ үшінші тұлғалардың (делдалдардың) қақтығыс жағдайы мен динамикасын ескере отырып, кеңістікте және уақытта өзара байланысты әртүрлі құралдар мен әдістерді пайдалана отырып, қақтығысты еңсеру жөніндегі іс-қимылдарының реттелген жиынтығы. Технологияның негізгі элементтері: құралдар, әдістер, әрекеттер.

ҚАҚТЫҒЫСТЫ ШЕШУ – қақтығыстың аяқталуына байланысты басқару субъектісінің қызметі.

МЕДИАЦИЯ – делдап тарап – медиатордың қатысуымен қақтығысты шешу жөніндегі келіссөздер процесі.

ПРЕЛИМИНАРИЙЛЕР – алдын ала келіссөздер, келісімдер; уақытша шешімдер.

СЕБЕПТІК АТРИБУЦИЯ – тұлғааралық қабылдау құбылысы, басқа адамның іс-әрекетінің себептерін түсіндіру, тіркеу.

ФАСИЛИТАЦИЯ – сындарлы бірлескен қызметті ұйымдастыру арқылы проблеманы анықтау және шешім қабылдау тәсілдерін жақсартуға көмектесу мақсатында топтың барлық мүшелері үшін бейтарап маман (қақтығыстың үшінші тарабы) жүзеге асыратын бітімгершілік процесі. Мақсат – топтық жұмыс процесін жақсарту.

 ЭТНИКАЛЫҚ АРХЕТИПТЕР – этникалық «ұжымдық бейсаналықтың» мазмұнын құрайтын және бір этникалық топ өкілдерінің ойлауы мен мінез-құлық және тұрмыстық ерекшеліктері туралы дұрыс емес немесе тіпті бұрмаланған білім немесе идеялар.

ЭТНИКАЛЫҚ СТЕРЕОТИП – кез-келген этникалық қауымдастықтың бейнесі. Жеңілдетілген, кейде басқа этнос өкілдерінің психологиялық, мінез – құлық және тұрмыстық ерекшеліктері туралы дұрыс емес немесе тіпті бұрмаланған білім немесе идеялар.

ЭТНОЦЕНТРИЗМ – өмірлік құбылыстарды этникалық дәстүрлері мен құндылықтары арқылы қабылдау мен бағалау, өз этникалық тобын артық көру. У. Самнердің пікірінше, экзоцентризм басқа этностардан артықшылық сезімі және өз тобын асыра бағалау негізінде көрінеді, сөзсіз бөтен топтарға деген теріс қатынасты тудырып, бұл этносаралық қатынастарда жақтырпаушылық пен дұшпандыққа әкеледі.

АЗАМАТТЫҚ БІРЕГЕЙЛІК – азаматтық қоғамдастықтың ұжымдық субъект ретінде әрекет етуіне мүмкіндік беретін белгілі бір мемлекеттің азаматтарының қауымдастығына қатыстылығы бойынша жеке сезімі.

ИНТОЛЕРАНТТЫЛЫҚ – ымыраға келуге бейімділіктің жоқтығы, төзбеушілік, агрессивтілік, деструктивтілік.

КСЕНОФОБИЯ – басқа сенімге, мәдениетке, ұлтқа, шетелдіктерге, сондай-ақ бейтаныс, бөтен, ерекше нәрсеге деген дұшпандық, төзбеушілік, жеккөрушілік және менсінбеу.

СЕГРЕГАЦИЯ – нәсілдік және этникалық кемсітушіліктің соңғы формасы, нәсілдік немесе этникалық себептерге байланысты құқықтарды шектеу.

ЭТНОСАРАЛЫҚ ИНТЕГРАЦИЯ – әртүрлі этностардың бір тұтастыққа бірікпей жақындасу процесі. Интеграцияның нәтижесі – белгілі бір мәдени, рухани, әлеуметтік-экономиялық қауымдастықтың пайда болуы (негізгі этникалық белгілерді сақтай отырып). Көпұлтты мемлекеттер шеңберінде этносаралық, суперэтникалық қауымдастықтардың қалыптасуы осындай процестермен байланысты.

 

 

 

 

«АҚПАРАТТЫҚ КЕҢІСТІКТЕГІ ЭТНОСАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫ РЕТТЕУДІҢ НЕГІЗДЕРІ»

 

ЭТНОСАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫ РЕТТЕУ – этносаралық жағдайдың тұрақтылығын және қоғамдық келісімді нығайту бойынша мемлекеттің қабылдайтын шараларының жиынтығы, «мемлекеттік саясаттың және көпұлтты қоғамдар мен мемлекеттердің бейбіт қатар тіршілік етуінің аса маңызды факторы».

АҚПАРАТТЫҚ КЕҢІСТІК (ИНФОКЕҢІСТІК) – ақпараттық ортада азаматтар мен ұйымдар өздерінің ақпараттық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін пайдаланатын ақпараттық ресурстардың жиынтығы.

ҚОҒАМДЫҚ РЕЗОНАНС – белгілі бір оқиғаға немесе ақпаратқа қатысты қоғамның реакциясы.

ҚОҒАМДЫҚ ПІКІР КӨШБАСШЫСЫ (ҚПК) – мақсатты аудиторияның көзқарастарына, тұжырымдары мен түсініктеріне әсер етуі мүмкін ой-пікір иесі (блогер, актер, музыкант және т.б.).

АҚПАРАТТЫҚ СЕБЕП (ИНФОСЕБЕП) – жұртшылықтың қызу реакциясын тудыратын, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарында және басқа да ақпараттық алаңдарда кеңінен таралатын оқиға.

КОГНИТИВТІ БҰРМАЛАНУЛАР – субъективті сенімдер мен стереотиптерге, әлеуметтік, моральдық және эмоционалдық себептерге, ақпаратты өңдеу мен талдаудағы ақауларға, сондай-ақ адам миының құрылымдық ерекшеліктеріне байланысты мінез-құлықтағы, қабылдаудағы және ойлаудағы жүйелі ауытқулар.

FAKE NEWS (ЖАЛҒАН АҚПАРАТ) – қаржылық немесе саяси пайда көру мақсатында әлеуметтік медиа мен дәстүрлі бұқаралық ақпарат құралдарында оқырмандардың ойын адастыру немесе жалған ақпаратты әдейі тарату.

КОНТЕНТ – онлайн немесе офлайн ресурстың ақпараттық мазмұны.

ЭТНИКАЛЫҚ АҚПАРАТ – БАҚ және басқа да ақпараттық ресурстардағы этностар мен олардың өкілдері туралы ақпарат.

ПОЗИТИВТІ ЭТНИКАЛЫҚ АҚПАРАТ (ПЭА) – этникалық топтар туралы позитивті көзқарастарды қалыптастыруға ықпал ететін және этносаралық ортадағы жағымды үдерістерді нығайтуға бағытталған ақпарат.

НЕГАТАТИВТІ ЭТНИКАЛЫҚ АҚПАРАТ (НЭА) – этносаралық қатынастар саласында шиеленіс тудыратын және қақтығыстар мен даулардың туындауының алғы шарттарын құрайтын ақпарат.

АРАЗДЫҚ ТІЛІ – топқа немесе жеке адамға қарсы этникалық, нәсілдік, діни немесе гендерлік ерекшеліктерге негізделген қорлаушы тілдік құралдарды қолдану дискурсы.

ЭТНОФОЛИЗМДЕР – басқа этнос өкілдерінің теріс мағынадағы атаулары.

ЭТНОСТЕРЕОТИПТЕР – белгілі бір этнос өкілдерінің ақыл-ойы, менталитеті және стандартты мінез-құлқы туралы тарихи қалыптасқан түсінік.

АҚПАРАТТЫҚ КЕҢІСТІКТІ МОНИТОРИНГТЕУ – ақпараттық кеңістікте болып жатқан құбылыстар мен процестерді тұрақты бақылау жүйесі, оның нәтижелері осы саладағы шешімдерді негіздеуге қызмет етеді.

АҚПАРАТТЫҚ-ТАЛДАМАЛЫҚ ЖҮЙЕ (АТЖ) – мониторинг жүргізуге, талдамалық жұмыстарды орындауға, үлкен көлемдегі, соның ішінде нақты уақыт режимінде келіп түсетін ақпаратты өңдеуге мүмкіндік беретін бағдарламалық-ақпараттық кешен.

АҚПАРАТТЫҚ ГИГИЕНА – тұтынылатын және таратылатын ақпаратты мұқият бағалау.

САЯСИ КАПИТАЛ – мемлекеттік органның немесе жеке тұлғаның азаматтық қоғаммен  және басқа да мемлекет қайраткерлерімен, институттармен қарым-қатынасындағы беделі, сенімі және ықпалы.

 

«ЭТНОСАРАЛЫҚ ИНТЕГРАЦИЯ»

 

АНКЛАВТЫ ҚОНЫСТАНДЫРУ - белгілі бір этникалық немесе мәдени топтың қоршаған қоғамнан оқшауланған шағын аумақта тұруымен байланысты географиялық және әлеуметтік құбылыс.

АССИМИЛЯЦИЯ - бір этникалық немесе мәдени топтың өкілдері басқа топпен өзара әрекеттесу және бейімделу нәтижесінде негізгі мәдени, тілдік, әлеуметтік және идеологиялық сипаттамаларын қабылдау процесі.

БІРЕГЕЙЛІК - жеке адамның немесе топтың белгілі бір әлеуметтік, мәдени, этникалық, діни немесе басқа қауымдастықтарға қатыстылығы туралы түсінігі.

ИНКЛЮЗИВТІЛІК- қоғамның барлық мүшелерінің мәдени, этникалық, діни, әлеуметтік, жыныстық немесе басқа шығу тегіне қарамастан тең мүмкіндіктерін, қатысу және өкілдік етуін қамтамасыздандыруы.

ИНТЕРКУЛЬТУРАЛИЗМ- әртүрлі мәдениеттер мен этникалық топтар арасындағы белсенді өзара әрекеттесу мен диалогқа бағытталған тұжырымдама. Интеркультурализм топтардың ынтымақтастығы пен байланысы арқылы олардың өзара баюына және ортақ құндылықтарды дамытуға ұмтылады.

АЗАМАТТЫҚ ҚАТЫСУ БАСПАЛДАҒЫ - 1969 жылы Шерри Р. Арнштейн ұсынған модель, ол азаматтардың шешім қабылдау процесіне қатысу деңгейін көрсетеді. Модель - сегіз сатылы баспалдақ, әр саты белгілі бір қатысу деңгейіне сәйкес келеді.

ЭТНОСАРАЛЫҚ ИНТЕГРАЦИЯ - қоғамды үйлестіру, теңдік пен өзара түсіністік негізінде ортақ құндылықтар мен сәйкестікті қалыптастыру үшін этникалық топтар арасындағы жақындасу және өзара әрекеттесуді күшейту процессі.

ЭТНОСАРАЛЫҚ ШИЕЛЕНІС - әлеуметтік тұрақсыздыққа, зорлық-зомбылыққа және этносаралық қақтығыстарға әкеле алатын қоғамдағы әртүрлі этникалық топтар арасындағы сенімсіздік, түсініспеушілік немесе агрессия жағдайы.

МУЛЬТИКУЛЬТУРАЛИЗМ - әр топтың мәдени ерекшеліктерін сақтау және дамыту негізінде қоғамда әртүрлі мәдениеттердің, этникалық және тілдік топтардың болуын қолдайтын тұжырымдама.

ҰЛТТЫҚ ПАТРИОТИЗМ -  негізінен "ұлтқа", яғни этникалық немесе мәдени қауымдастыққа байланысты патриотизмнің бір түрі.

ПАРАЛЛЕЛЬ ҚОҒАМДАР - бір аймақта тұратын, бірақ негізінен бір-бірінен оқшауланған этникалық, мәдени немесе діни топтар. Параллельді қоғамдар топтар өздерінің құрылымдары, нормалары мен құндылықтары бар жеке микрокосмалар құра отырып, өздерінің ерекше мәдени және әлеуметтік сипаттамаларын сақтайды.

БАЛҚЫТУ ҚАЗАНДЫҒЫ - әртүрлі этникалық, мәдени және тілдік топтар араласып, ассимиляцияланатын, біртұтас мәдениет пен ұлттық бірегейлікті тудыратын қоғам тұжырымдамасы.

ПЛЮРАЛИЗМ - әр түрлі топтардың қатар өмір сүруі мен өзара әрекеттесуін қолдайтын тұжырымдама. Плюрализм мәдени әртүрлілікті қолдауға міндетті түрде назар аудармайды, бірақ олардың мәдени тиесілігіне қарамастан қоғамдағы барлық топтар мен адамдар үшін теңдік пен сөз бостандығына мен береді.

ЭТНОМӘДЕНИ ӘРТҮРЛІЛІК – белгілі бір қоғамда немесе аймақта әртүрлі этникалық, мәдени және тілдік топтардың болуы және өзара әрекеттесуі.

 

Дата публикации
29 января 2024
Дата обновления
29 января 2024
Тип

Сейчас читают

Тұрғындарға арналған ақпарат
31 декабря 2025
2026 жылдың 1 тоқсанына Азаматтарды қабылдау орталығында Есіл ауданының атқарушы органдарының және Есіл ауданының аумақтық мемлекеттік органдарының басшыларымен азаматтарды қабылдау кестесі
Ақпарат
01 февраля 2024
«Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы
Ақпарат
30 января 2024
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2020 жылғы 1 қыркүйек

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы