Ағымдағы жылдың 15 қаңтарында аудан әкімінің орынбасары А.К. Бектасованың төрағалығымен аудан әкімдігінің мәжіліс залында Есіл ауданының үкіметтік емес ұйымдарымен ынтымақтастық және өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің отырысы өткізілді, онда ішкі саясат бөлімі басшысының есебі келесі мәселелер бойынша тыңдалды: «2024 жылға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жоспарланып отырған тақырыптары туралы», «ҮЕҰ Дерекқорына мәліметтерді тапсыру туралы».
Кеңес мүшелері отырыс жұмысына офлайн режимде, ауылдық округ әкімдері БКБ режимінде белсенді қатысты. Отырыс қорытындысы бойынша кеңес төрағасы Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты сапалы іске асыру және үкіметтік емес ұйымдардың ҮЕҰ Дерекқорына мәліметтерді уақтылы тапсыруы жөнінде тапсырмалар берді.