«Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» КММ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша талдамалық анықтама

«Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» КММ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша талдамалық анықтама

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» 2025 жылғы 22 қаңтардағы № 8-НҚ бұйрығы негізінде жүргізілді.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша талдамалық анықтаманы жұмыс тобы жасады:

  1. Әбілмәжінова Сәуле Мұратбекқызы-бөлім басшысы;
  2. Какенов Серик Ержанұлы-бас маманы бөлімі;
  3. Октябрь Нұржан Мұхтарұлы-«Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» КММ «Жастар ресурстық орталығы» КММ директор м.а;
  4. Степовой Владимир Алексеевич -ауданның қоғамдық кеңесінің хатшысы;
  5. Бимақанов Нұрлан Манапұлы- «Ардагерлер ұйымы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Солтүстік Қазақстан облысы Есіл аудандық филиалының төрағасы.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезеңі: 2024 жылғы 20 қаңтарға  2025 жылғы 22 қаңтарға  дейін.

Талданатын кезең: 2025 жылғы 16 ақпанға 1 сәуірді  дейін.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жүргізу мерзімі 2025 жылғы 16 ақпанға 1 сәуірді дейін.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау пәні:

1.Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау сапасы;

2.Әдеп кодексінің және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың нормаларын сақтау;

3.Персоналды басқару тиімділігі;

4.Талдау пәнінен туындайтын өзге де мәселелер.

Талданатын объект туралы мәліметтер

«Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі-Бөлім) азаматтар мен мемлекеттік қызметшілерді сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы насихатқа тарту арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті жүзеге асыру жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

         Бөлімнің ведомстволық бағынысты мекемесі бар: «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі. Өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік-құқықтық актілерге, сондай-ақ «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Үлгілік ережеге сәйкес 2023 жылғы
19 сәуірдегі Мемлекеттік тіркеу туралы анықтама негізінде жүзеге асырады. Бөлім Мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

         Бөлімнің мекенжайы: Индекс 150500, Солтүстік Қазақстан облысы, Есіл ауданы, Явленка ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 10.

  1. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау сапасы.

         Есепті кезеңде 15 өтініш қаралды.

        Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері белгіленген тәртіппен қаралады:

2.Әдеп кодексінің және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың нормаларын сақтау.

         Бөлімде мемлекеттік қызметшілерге қойылатын талаптар қатаң сақталады, мемлекеттік қызметші мәртебесіне байланысты шектеулер сақталады, Әдеп кодексінің және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың талаптары сақталады. Талдау жүргізу кезінде Әдеп кодексінің және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың нормаларын сақтауға байланысты тәуекелдердің туындау жағдайларын растау табылған жоқ. Бөлім қызметкерлеріне қатысты қылмыстық, әкімшілік және тәртіптік істер жоқ.

3.Персоналды басқару тиімділігі.

Бөлімнің штат саны-5 бірлік, нақты саны – 3 мемлекеттік әкімшілік қызметші, 1 - Еңбек шарты бойынша – жүргізуші, бос жұмыс орны – 1 бірлік (аударма бойынша редактор).

Мүдделер қақтығысы, басшымен жұмысқа қабылданған қызметкерлердің аффилиирленуі, Мемлекеттік сатып алу, мүлікті, активтерді және т.б. сатып алу немесе сату кезінде лауазымды тұлғалардың аффилиирленуі, жақын туыстарының, жұбайлары мен жекжаттарының бірлескен қызметі (жұмысы), қолданыстағы заңнамамен лауазымды тұлғалар үшін белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы қабылданған шектеулер мен тыйымдарды бұзу фактілері жоқ.

         4.Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нысанасынан туындайтын өзге де мәселелер.

      Бөлімнің мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Бөлім қызметкерлері туралы БАҚ-та сыни жарияланымдар болған жоқ.

Мемлекеттік органның лауазымды адамдарының әрекеттеріне шағымдану жөніндегі сот шешімдері туралы ақпарат жоқ.

        Ішкі талдау барысында жұмыс тобы бөлімнің ұйымдастыру-басқару қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтаған жоқ.

 

 

 

Әбілмәжінова С. М.

Қакенов С. Е.

Октябрь Н. М

Степовой  В. А.

Бимақанов Н.М.

 

 

 

 

«____»____________2025 жыл.

Дата публикации
01 апреля 2025