«Ашық есік күні»

«Ашық есік күні»

Бүгін, 2025 жылғы 24 қаңтарда «Солтүстік Қазақстан Облысы Есіл ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі» КММ-де «Ашық есік күні» акциясы өткізілді, оның барысында мемлекеттік органның басшысы Н.С. Елжасов Явленка ауылының жастарын бөлім жұмысының негізгі бағыттарымен таныстырды. Бұл іс-шараның мақсаты жастарды бөлім қызметімен, бөлімнің өз жұмысында қолданатын негізгі заңнамалық актілермен таныстыру болып табылады. Акция аясында жастар үшін мемлекеттік қызметтің артықшылықтары, сондай-ақ бизнес саласындағы даму мүмкіндіктері туралы ақпарат берілді.