
«QazaqGaz Onimderi» ЖШС кәсіпорны сұйытылған табиғи газды (бұдан әрі – СТГ) өндіру бойынша аз тоннажды зауыт салу бойынша инвестициялық жобаны іске асыруда. СТГ артықшылығы көлік шығындарының өзіндік құнын төмендету болып табылады, өйткені газ бағасы дәстүрлі отын түрлерінің құнынан 1,5-2 есе төмен. Экономикалық тиімділіктен басқа метанды отын ретінде пайдалану атмосфераға зиянды шығарындылар санын азайтуға мүмкіндік береді: көмірқышқыл газы – 20%–ға, күйе - 99%-ға, бұл экологиялық жағдайға оң әсер етеді, осыған байланысты СТГ Қазақстан Республикасының газдандырылмаған аудандары үшін перспективалы өнім болып табылады. Бүгінгі таңда СТГ өнеркәсіптік және ауылшаруашылық қазандықтары үшін отын ретінде, сондай-ақ ішкі жану қозғалтқыштары үшін мотор отыны ретінде қолданыла алады, оның ішінде дизельдік техниканы газ дизельдік режимге ауыстыруға болады.
СТГ сатып алу ниеті туындаған жағдайда:
Бас директоры (Басқарма төрағасы) А. А Нұрмахановқа, орын.: А. Н. Нұркеновке тел.: 8(7172)55-91-59 ішкі. (0764) нөмір бойынша хабарласуға болады.