
Ағымдағы жылдың 2 желтоқсанында «Аулие» кен орнына барып, «Аулие Голд Майнинг» ЖШС рекультивациялау жұмыстарын жүргізген жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияның салдарын жою және тексеру нәтижелерін қабылдау жөніндегі комиссияның отырысы өтті,
Мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері, сондай-ақ жергілікті қоғамдастықтың ақсақалдары кәсіпорын директорының орынбасары Семен Шангиннің сүйемелдеуімен жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың салдарын жою бойынша жүргізілген жұмыстармен нақты танысты. Тексеру қорытындысы бойынша ұсынымдарды ескере отырып, рекультивациялау жұмыстарын қабылдау туралы актіге қол қойылды.