
Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі жанындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2024 жылғы 25 қыркүйектегі отырысында тапсырма берілді:
- Келушілердің қауіпсіздігі мақсатында ұзақ сақтау мерзімі бар бейнебақылау камераларын орнату бойынша ойын-сауық мекемелерінің иелерімен мәселені пысықтау.
Есіл ауданында 9 дәмхана жұмыс істейді, онда тұрақты негізде түрлі іс-шаралар өтеді (1-Корнеевка ауылы, 1 - Заградовка ауылы, 1-Николаевка ауылы,
1-Покровка ауылы, 5-Явленка ауылы), оның ішінде түнгі уақытта жұмыс істейтін 3 дәмхана-бар (Явленка ауылындағы «Огонек» дәмханасы («Кирюхина Е. А.» ЖК), Явленка ауылындағы «Престиж» дәмханасы («Овсяникова Г. В.» ЖК жалға алушы), Покровка ауылындағы "Юность" дәмханасы («Гарагуль Л. И.»ЖК). «Престиж» дәмханасын қоспағанда, барлық қоғамдық тамақтану орындарында камералар бар. Есіл ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі мекеменің жалға алушысы мен иесіне қылмыстың алдын алу және мүліктің сақталуы мақсатында бейнебақылау камераларын орнатуды ұсынды.