
Географиялық нұсқама (ГН) – бұл аумақтық өндірушілердің (табиғи немесе адам ресурстарының арқасында белгілі бір өнім сапасын қамтамасыз ететін) белгіленген Заң негізінде атауын пайдалану құқығын бекітуге мүмкіндік беретін зияткерлік меншіктің бірегей объектісі.
Тауар таңбасынан негізгі айырмашылығы тауар шығарылатын аумақ пен тауар сапасының байланысы болып табылады. Сонымен қатар, "Тауар шығарылған жер атауы" (ТШЖА) құқығын тауар таңбасында сияқты қатаң бір кәсіпорын ғана емес, аталған географиялық аумақтың бірдей өнімді шығаратын бірнеше кәсіпорны иелене алады.
Зияткерлік меншіктің дербес объектісі ретінде "Географиялық нұсқамалар" ұғымын енгізу халықаралық тәжірибесіне сонымен қатар, қолданылатын ҚР тауарларының шығарылған орындарының атауларын мемлекеттік тізіліміне енгізу тәжірибесіне сәйкес келеді. Аталған жаңалық шетелдік және отандық иелері үшін тең жағдай жасайды және отандық тауар өндірушілердің Қазақстан және шетел аумағында өз брендтерін ілгерілету үшін мүмкіндіктерін кеңейтеді.
Географиялық нұсқама әдетте ауыл шаруашылығы өнімдері, азық-түлік, шарап және спирттік ішімдіктер, қолөнер және өнеркәсіптік бұйымдар үшін пайдаланылады.
Географиялық нұсқамалар тіркеу белгілі бір сапасы, репутациясы немесе басқа да сипаттамалары едәуір дәрежеде оның географиялық шығу тегімен байланысты тауарды сәйкестендіретін белгілеме сақталған жағдайда мерзімсіз қолданылады.
Солтүстік Қазақстан облысында өндірілетін тауарларды тіркеуге өтінім білдіру үшін мына мекен-жайда орналасқан ҚР,СҚО, Петропавл қ. Қазақстан Конституциясы к.,72 тел. 8(7152)33-39-63 (зияткерлік құқықтар бөлімі), 8(7152)33-26-35- қабылдау, e-mail: dusko@adilet.gov.kz S.Tokuzhin@adilet.gov.kz «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті» РММ жүгінуге болады.