
Ағымдағы жылдың 27 қыркүйегінде аудан әкімі М.Т. Мұхамедьяровтың жеке кәсіпкерлермен кездесуі өтті. Кездесу барысында әлеуметтік экономикалық даму мәселесі көтерілді, сондай-ақ нан бағасын тұрақтандыру мақсатында Есіл ауданының әкімдігі, "Егин" ЖШС және "Коптева О. Н." ЖК арасында үшжақты меморандумға қол қойылды. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі шеңберінде ұн тартатын кәсіпорын ағымдағы жылдың соңына дейін 120 теңгеден 90 тонна ұн шығаруды жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Жалпы алғанда, ағымдағы жылы "О. Н.Коптева" ЖК наубайханасы үшін 360 тонна ұн көзделген, соның есебінен сауда орындарында нан сату бір орамға 115 теңгеден аспайтын болады.