Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жұмыс сапары

Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жұмыс сапары

Ағымдағы жылдың 13 наурызында Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Гауез Нұрмұхамбетовтың Есіл ауданына жұмыс сапары аясында Явленка ауылының маңында салынып жатқан "Қызылжар Жолдары KZ" ЖШС асфальтбетон зауыты алғашқы бару нысандарының бірі болды.

Инвестициялық жобаның құны 800 млн. теңгені, жобалық қуаттылығы жылына 150 мың тоннаны құрайды.

Осы жоба аясында 12 жұмыс орнын құру жоспарланған.

Өндірістің негізгі өнімі асфальтбетон болады: ірі түйіршікті, ұсақ түйіршікті және қиыршық тасты-мастикалық.

Кәсіпорынды пайдалануға беру 2024 жылдың мамырына жоспарланған.