2025 жылғы 01 қазандағы жағдай бойынша
Инвестициялар
2025 жылғы қаңтар-қыркүйекте негізгі капиталға инвестициялар ағынының жалпы көлемі 19,8 млрд.теңгені құрады (2024 жылғы қаңтар-қыркүйекте – 16,6 млрд. теңге) НКИ – 112,8%.Негізгі көлем жеке инвестицияларға тиесілі 13,6 млрд. теңге немесе инвестициялар ағынының жалпы көлемінің 68,9% , (2024 жылғы қаңтар-қыркүйекте – 12,4 млрд.теңге) НКИ 103%.
Бюджеттік инвестициялар көлемі 6,1 млрд. теңгені құрады (2024 жылғы қаңтар-қыркүйекте – 4,1 млрд.теңге) НКИ 140,5%.
Ең үлкен инвестициялық салымдар «Ауыл шаруашылығы» саласына тиесілі - 5,8 млрд. теңгеден астам немесе 29,3%. Осы саладағы инвестициялардың негізгі көлемі ауданның тауар өндірушілері сатып алған жоғары өнімді ауыл шаруашылығы техникасынан тұрады («Қазросресурс» ЖШС, «Ильинское» ЖШС, «Атамекен-Агро-Корнеевка» ЖШС, «Жанғали» ЖШС, «Азия-Тарангул» ЖШС), сондай-ақ жолдарды орташа және күрделі жөндеу («Қазавтожол» ЖШС, СҚО әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы).