Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтасаңыз мерзім алмайсыз
Жемқорлық қазіргі қоғамдағы азаматтардың өмірі мен жағдайының денгейіне тікелей әсер ететін басты мәселелердің бірі болып табылады.Сондықтан біздің мемлекетіміз осы әлеуметтік зұлымдықпен белсенді күресуде,мұны айқын растау оны азайту үшін қабылданған шаралар болып табылады.
2015 жылғы 18 қарашада қабылданған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы тиімді жұмыс істейді, ол осы саладағы сыбайлас жемқорлық ұғымын, мүдделер қақтығысын, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл жөніңдегі шаралар соның ішінде, қаржылық және де басқа да түсініктерді айқындайтын негізгі заңнамалық акт болып табылады,
2022 жылы Қазақстан Республикасының 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тұжырымдамасы бекітілді.2015-2025 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын қабылдаған уақыттан бастап біздің мемлекетімізде сыбайлас жемқорлықты барынша азайту бойынша орасан зор жұмыс жүргізілді.
Мемлекеттік қызметтің жүйесі тиімді қалыптастырылды, оның ішінде мемлекеттік әрбір органның немесе лауазымды тұлғаның функциялары мен өкілеттіктерінің аражігі ажыратылды және анықталды. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының заңы меритократия қағидатын қамтамасыз етті, онда бос лауазымды орындарға қабілетті және кәсіби дайындалған адамдар ие болады, әлеуметтік шығу тегі мен мүліктік жағдайына қарамайды.
Алдын алу шараларынан басқа, сыбайлас жемқорлық үшін жауакершілік пен жазаның бұлтарпастығын қамтмасыз ету күшейтілді.
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығы - сыбайлас жемқорлықты мойындайтын заңсыз кінәлі іс әрекет (әрекет немесе әрекетсіздік), ол үшін заңда әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілік белгіленген екенін мен еске салғым келеді.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі пара алуға байланысты қылмыстың екі түрін қарастырады:
Пара алу (366 бап)- аса қауіпті лауазымдық қылмыстардың бірі ,әсіресе оны адамдар тобы жасаса немесе бопсалау бірге жүрсе, бұл лауазымды адамның заңды немесе заңсыз әрекеттері(әрекетсіздігі) үшін артықшылықтар алуынан тұрады-
параның жиырмдан есе сомасынан елу есеге дейін мөлшерінде айыппұл салуға немесе бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру, мүлікті тәркілеумен, өмір бойына белгілі бір лауазымды орынды немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып жазаланады.
Пара беру (367 бап)- лауазымды тұлғаны заңды немесе заңсыз әрекеттер жасауға (әрекетсіздік) жасауға бағытталған қылмыстар, немесе берушінің пайдасына қандай да бір артықшылықтар алуға , оның ішінде қызмет бойынша жалпы қамқорлыққа алу.
параның жиырмдан есе сомасынан отыз есеге дейін мөлшерінде айыппұл салуға немесе бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру, мүлікті тәркілеумен, өмір бойына белгілі бір лауазымды орынды немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып жазаланады.
Пара деп саналады: заттар- ақшалар, соның ішінде валюта,банктік чектер мен құнды қағаздар, асыл металлдар мен тастардан жасалған бұйымдар,автокөліктер, азық-түлік, бейнетехника, тұрмыстық техника және де басқа тауарлар, әр түрлі жылжымайтын мүліктер, сондай ақ қызметтер мен пайдалар – емделу ,жөндеу және құрылыс жұмыстары ,санаториялық және түристік жолдамалар, шетелге сапарлар, ақысыз немесе төмен бағаман көңіл көтеру немесе басқа да шығыстарды төлеу.
Сыбайлас жемқорлық – мемлекетіміздің терроризм мен елдің қорғаныс қабілетін төмендетумен қатар, ұлттық қауіпсіздігімізге төңіп тұрған аса маңызды қауіп. Бұл мәселеге Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметі тарапынан ерекше назар аударылуы бекер емес
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл барлық және әрбір адам үшін міндет болуға тиіс және біздің міндетіміз сыбайлас жемқорлықтың барлық көріністерінен тұрақты түрде бас тартуын көрсету.
Н.Елжасов,
кәсіпкерлік бөлімінің басшысы