GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Байланыс ақпараты
Баспасөз орталығы
Құжаттар
Бөлім туралы
Қызметі
Онлайн қабылдау
Все материалы
28 сентября 2026
«Жас айбын» әскери-патриоттық клубтарының оқушылары арасында «Әскери істің негіздерін қалай білесің!» облыстық викторинасы

24 қыркүйекте оқушылардың әскери істі білуі бойынша викторинасының облыстық кезеңі өтті. «Таранғұл орта мектебі» КММ, «Чириково орта мектебі» КММ және «Заградовка орта мектебі» КММ оқушылары Петропавл қаласындағы облыстық кезеңде аудан намысын қорғап, екінші орынды иеленді. Әскери істің үздік мамандарын құттықтаймыз!

28 сентября 2026
ТАҒАЙЫНДАУ

Алена Сергеевна Лось 2026 жылдың 18 қыркүйте «Заградовка орта мектебі» КММ директоры болып тағайындалды.
2015 - 2018 жылдары «Бастауыш білім беру» мамандығы бойынша Тюмень мемлекеттік университетінде оқыды. 2023-2025 жылдары Омбы мемлекеттік педагогикалық университетінде «Педагогикалық білім беру» бағыты бойынша оқып, педагогика ғылымдарының магистрі дәрежесін алды.
Өзінің еңбек жолын 1994 жылы мәдениет саласында бастады, онда көркемдік жетекші болып, 1997 жылдан бастап мәдениет үйінің меңгерушісі ретінде жұмыс істеді.
2011 жылдан бастап «Заградовка орта мектебі» КММ қызмет атқарды. 2011 жылдан 2016 жылға дейін аға тәлімгер болып жұмыс істеді. 2016 жылдан бастап директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары лауазымында басқарушылық қызметті жүзеге асырды. Басшының бірінші біліктілік санаты бар - «басшы-көшбасшы». Тәрбие процесін, әлеуметтік, экологиялық, патриоттық және шығармашылық жобаларды іске асыруды, оқушылардың өзін-өзі басқаруын дамытуды, ата-аналармен, жұртшылықпен және әлеуметтік әріптестермен өзара іс-қимылды ұйымдастырды.
Жұмыс істеген жылдары өзін бастамашыл және жауапты педагог және ұйымдастырушы ретінде көрсетті.
15 жыл бойы «Есіл» хореографиялық ұжымының жетекшісі болып табылады, оның тәрбиеленушілері аудандық, облыстық және республикалық шығармашылық конкурстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері болып табылады.
«Педагогикалық идеялар панорамасы» Республикалық байқауының екі мәрте жүлдегері атанды. Облыстық аттестаттау комиссиясының құрамына кіреді.
Халықаралық вебинарларда өзінің педагогикалық тәжірибесін ұсынды, республикалық ғылыми-практикалық конференцияларға, семинарларға және басқа да кәсіби іс-шараларға қатысты.
Жалпы еңбек өтілі - 32 жыл, педагогикалық өтілі - 15 жыл.
2026 жылдың 18 қыркүйегінен бастап – «Заградовка орта мектебі» КММ директоры.

23 сентября 2026
Әскери-дала жиындары

          2026 жылғы 18 қыркүйекте "Родник" лагері базасында алғашқы әскери дайындықты ұйымдастырушы педагогтармен сабақ өткізілді. Қорғаныс істері жөніндегі бөліммен бірлесіп АӘД педагогтары әскери іс бойынша сабақтарға қатысып, әскери-далалық жиындарда оқушылармен сабақтардың орындалуын талқылады.

23 сентября 2026
«Дарынды жас инженер» республикалық байқауының аудандық кезеңі

17 қыркүйек күні ауданда «Дарынды жас инженер» республикалық байқауының аудандық кезеңі өтті.

Байқаудың негізгі мақсаты – дарынды білім алушыларды анықтау және қолдау, олардың инженерлік ойлау қабілетін, техникалық және құрастырушылық дағдыларын, шығармашылық әлеуетін дамыту, сондай-ақ инженерлік-техникалық бағыттар мен заманауи технологияларға қызығушылығын арттыру.

Осындай іс-шараларды өткізу өскелең ұрпақтың зерттеушілік, жобалық және техникалық құзыреттерін дамытуға, командалық жұмыс дағдыларын қалыптастыруға және ғылыми-техникалық шығармашылыққа қызығушылығын арттыруға ықпал етеді.

23 сентября 2026
Әскери істі білу бойынша оқушылар викторинасының аудандық кезеңі

16 қыркүйекте әскери істі білу бойынша оқушылар викторинасының аудандық кезеңі өткізілді. «Таранғұл орта мектебі» КММ, «Чириковка орта мектебі» КММ 1 орынды, «Бұлақ орта мектебі» КММ 2 орынды және «Заградовка орта мектебі» КММ, «Петровка орта мектебі» КММ 3 орынды иеленді. Бұл мектеп оқушылары 24 қыркүйекте Петропавл қаласында өтетін облыстық кезеңде аудан намысын қорғайтын болады.

Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту
16 сентября 2026
«Қазақша қалай, балақай?» республикалық фестивалінің аудандық кезеңі

2 қыркүйек күні Есіл ауданында мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиеленушілері арасында «Қазақша қалай, балақай?» республикалық фестивалінің аудандық кезеңі өтті.

🌿 Фестиваль балалардың қазақ тіліне деген қызығушылығын арттыруға, сөздік қорын байытуға, мемлекеттік тілде қарым-қатынас жасау дағдыларын қалыптастыруға және мектеп жасына дейінгі балалар үшін қолайлы тілдік орта құруға бағытталған.

16 сентября 2026
ТАҒАЙЫНДАУ

2026 жылғы 1 қыркүйекте КММ «Балалар-жасөспірімдер аула клубының» директоры қызметіне Рожнова Елена Ивановна тағайындалды.

Елена Ивановна жоғары педагогикалық білімге ие. 1986–1990 жылдары Петропавл педагогикалық институтында «Дене шынықтыру» мамандығы бойынша білім алып, «Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі» біліктілігін иеленді.

Еңбек жолын 1990 жылы Николаев орта мектебінде бастап, 2007 жылға дейін дене шынықтыру пәнінің мұғалімі және тәрбие жұмысы жөніндегі директордың орынбасары қызметтерін атқарды.

2008–2015 жылдары СҚО Есіл ауданының ГККП «Балалар-жасөспірімдер дене шынықтыру даярлығы клубы» директорының орынбасары қызметін атқарды.

2015–2026 жылдары КММ «Есіл ауданының білім бөлімі» мекемесінде дене шынықтыру және алғашқы әскери дайындық бойынша әдіскер болып жұмыс істеді.

Елена Ивановна «педагог-зерттеуші» біліктілік санатына ие.

Көп жылғы адал еңбегі, жоғары кәсібилігі және дене шынықтыру мен спортты дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін бірнеше рет марапатталып, алғысқа ие болды. Олардың қатарында «Ш. Уәлихановтың 190 жылдығы» медалі, «Үздік әдіскер» номинациясы бойынша Білім басқармасының грамотасы, Спорт күніне орай аудан әкімінің алғыс хаттары, дене шынықтыру мен спортты дамытуға қосқан жеке үлесі үшін Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің Құрмет грамотасы, Ұлттық дене шынықтыру орталығының және Дене шынықтыру және АӘД өңірлік орталығының алғыс хаттары, Солтүстік Қазақстан облысының Білім басқармасының грамотасы, сондай-ақ аудан әкімінің Құрмет грамотасы бар.

Елена Ивановнаға жаңа қызметінде толағай табыс, алға қойған жоспарларының жүзеге асуын, кәсіби жетістіктер мен жаңа жеңістер тілейміз!

16 сентября 2026
ТАҒАЙЫНДАУ

2026 жылдың 1 қыркүйекте «Волошинка орта мектебі» КММ директоры болып Анна Васильевна Павлик тағайындалды.

2001 жылдан 2005 жылға дейін Е.А. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде әлеуметтік педагог - практикалық психолог мамандығы бойынша оқыды.

2005 жылдан 2006 жылға дейін Петропавл қаласының № 23 мектебінде педагог-кеңесші болып жұмыс атқарды.

2006 жылдың қыркүйегінен 2014 жылдың қыркүйегіне дейін Петропавл қ. № 17 ұлттық жаңғыру кешені мектебінде педагог-психолог болып қызмет жасады.

2014 жылғы қыркүйектен 2026 жылғы 1 қыркүйекке дейін «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Есіл ауданының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Волошинка орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.

 

16 сентября 2026
ТАҒАЙЫНДАУ

2026 жылдың 31 тамызда «Корнеевка орта мектебі» КММ директоры болып Ерік Қуанышбайұлы Бимақанов тағайындалды. 1992 жылы                  С.М. Киров атындағы инженер - механик мамандығы бойынша Омбы ауыл шаруашылық институтын тәмамдады. Еңбек жолын 1992 жылы «Николаевка» совхозы бөлімшесінің механигі қызметінен бастады.                1997 жылдан 2005 жылға дейін «Николаевское ХПП» ЖШС жөндеу шебері және бас инженер болып жұмыс істеді. 2006 жылдан 2008 жылға дейін «Николаевка орта мектебі» КММ физика пәнінің мұғалімі болып жұмыс атқарды. 2009 және 2010 жылы Покровка ауылындағы «Кәсіптік лицей 4» директорының орынбасары болды. 2010 жылдан бастап «Заградовка орта мектебі» КММ физика пәнінің мұғалімі болып қызмет жасады. 2011 жылы информатика мамандығы бойынша М. Қозыбаев атындағы                               Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін тәмамдағаннан кейін            2026 жылға дейін «Заградовка орта мектебі» КММ директоры қызметін атқарды.

16 сентября 2026
«Ата-аналармен диалог. Ата-аналар жиналысы»

2026 жылғы 3 қыркүйекте Есіл ауданының мектептері 5–11 сынып оқушыларының ата-аналарына арналған «Ата-аналармен диалог. Ата-аналар жиналысы» атты ауқымды онлайн іс-шараға қатысты.

Іс-шараға Есіл ауданы әкімінің орынбасары, білім бөлімінің қызметкерлері, прокуратура және полиция өкілдері, сондай-ақ мектеп директорлары, тәрбие жұмысы жөніндегі директордың орынбасарлары, педагог-психологтар, әлеуметтік педагогтар және ата-аналар қатысты.

Кездесу барысында маңызды мәселелер қаралды:

🔹 ата-аналардың құқықтық сауаттылығы мен құқықтық мәдениетін арттыру;

🔹 балаларды тәрбиелеуге жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру;

🔹 кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау;

🔹 құқық бұзушылықтар мен балалардың қараусыз қалуының алдын алу;

🔹 отбасы, мектеп және мемлекеттік органдар арасындағы өзара байланысты нығайту.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы