
2025 жылдың 6 наурызда Есіл ауданының мектепке дейінгі ұйымдары арасында мектеп жасына дейінгі балаларға арналған «Ханталапай»Республикалық ұлттық ойындар байқауының аудандық кезеңі өтті. Байқаудың мақсаты-дәстүрлі қазақ ойындарын сақтау және насихаттау, мектеп жасына дейінгі балалардың ептілігін, тапқырлығы мен командалық рухын дамыту.
Жарыс бағдарламасында «Асық ату», «Қыз қуу» және, әрине, «Ханталапай»сияқты ойындар болды. Балалар жылдамдықты, дәлдікті және командалық өзара әрекеттесуді көрсете отырып, жарыстарға қуана қатысты.