Әдістемелік вертикаль – кәсіби дамудың тиімді алаңы

Әдістемелік вертикаль – кәсіби дамудың тиімді алаңы

27 ақпан күні Бұлақ орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдеріне арналған “Әдістемелік вертикаль – оқытушының кәсіби дамуын және тәжірибесін арттыратын мүмкіндік” атты аудандық семинар өтті.

Семинар барысында педагогтер заманауи оқыту әдістерін талқылап, озық тәжірибелерімен бөлісті. Ашық сабақтар, шеберлік сыныптары мен пікірталастар ұстаздар үшін құнды тәжірибе мен жаңа білім алуға мүмкіндік берді.

Осындай кәсіби алаңдар мұғалімдерге өз білімдерін жетілдіріп, оқыту сапасын жақсартуға серпін береді. Мұғалім – тек білім беруші ғана емес, үнемі даму үстінде болатын тұлға. Сондықтан мұндай кездесулердің маңызы зор.

Семинардың жоғары деңгейде өтуіне үлес қосқан Бұлақ орта мектебінің ұжымына шынайы алғысымызды білдіреміз! Жылы қабылдауларыңыз бен кәсіби шеберліктеріңіз бізге шабыт сыйлады. Ұстаздық еңбектеріңіз әрдайым жемісті, шәкірттеріңіз талапты болсын!