
2025 жылдың 27 ақпанда Есіл ауданында бастауыш сынып жас мұғалімдерінің "Педагогикалық портфель"облыстық байқауының аудандық кезеңі өтті.
Байқау бастауыш сынып оқушыларын оқытуда инновациялық әдістер мен тәсілдерді енгізуге дайын талантты, креативті және перспективалы педагогтарды анықтауға бағытталған. Жас мұғалімдер өздерінің педагогикалық портфельдерін таныстырып, кәсіби шеберліктерімен бөлісті.