Алғыс айту күніне арналған облыстық эссе байқауының аудандық кезеңі.

Алғыс айту күніне арналған облыстық эссе байқауының аудандық кезеңі.

2025 жылдың 19 ақпанда Есіл ауданында Қазақстан Республикасына Алғыс айту күніне арналған облыстық эссе байқауының аудандық кезеңі өтті. Байқаудың мақсаты-өскелең ұрпақтың бойында отансүйгіштік сезімін, еліміздің тарихы мен мәдениетін құрметтеуге тәрбиелеу, сондай-ақ Қазақстанда тұратын барлық халықтарға төзімділік пен ризашылықты қалыптастыру.

Аудан мектептерінің оқушылары Отанға деген сүйіспеншілігін, аға ұрпаққа деген құрметін және басындағы бейбіт аспан үшін ризашылықтарын білдірген әсерлі және шынайы жұмыстарды көрсете отырып, белсенділік танытты.

Аудандық кезеңнің жеңімпаздары облыстық кезеңде Есіл ауданының атынан қатысады. Барлық қатысушылар мен олардың тәлімгерлеріне атқарылған жұмыстары үшін Алғыс білдіреміз және одан әрі табыс тілейміз!