
2025 жылдың 11 ақпанда еңбек өтілі 5 жылдан кем емес жас педагогтарға арналған «Дарынды балаларға – талантты ұстаз» республикалық педагогикалық олимпиаданың аудандық кезеңі өткізілді, онда 4 мектептің 6 педагогтары қатысты.
Педагогикалық олимпиаданың мақсаты жас педагогикалық қызметкерлердің шығармашылық потенциалын және өзін – өзі іске асыруды дамыту үшін жағдайлар құру.
Аудандық кезеңнің қорытындысы бойынша жеңімпаздар марапатталды: I дәрежелі дипломдармен Виталий Валерьевич Шеминг – Покровка орта мектебінің тарих және құқық мұғалімі, Кристина Николаевна Бугаева – Ясновка орта мектебінің биология мұғалімі. II дәрежелі дипломмен – Эльдар Маратұлы Жанкобаев – Таранғұл орта мектебінің тарих мұғалімі. III дәрежелі дипломдармен – Эльмира Асхатқызы Ғайнулина – Таранғұл орта мектебінің химия және математика мұғалімі, Бекнұр Нұртасұлы Қарымқасов – А. Игібаев атындағы орта мектебінің тарих мұғалімі және Ақжол Саятұлы Ағжанов - А. Игібаев атындағы орта мектебінің тарих және география мұғалімі.