2024 жылдың қорытындысын шығару жөніндегі іс-шаралар.

2024 жылдың қорытындысын шығару жөніндегі іс-шаралар.

24-26 желтоқсанда 2024 жылдың қорытындысын шығару бойынша  іс-шаралар өтті.

2024 жылы жастарды әскери - патриоттық тәрбиелеу қорытындысы бойынша (мониторинг екі жас санатындағы әскери-спорттық көпсайыстан, «Алау» мамандандырылған әскери-спорттық ойынынан және «Батыр» әскери-спорттық спартакиадасынан тұрды) біздің Есіл ауданы аудандар                            мен Петропавл қаласы арасында төртінші орынды иеленді.

Спорттық жарыстардың қорытындысы бойынша: қаңтар-ақпан айларында «Ақшақар – 2024» облыстық қысқы спартакиадасы өтті, онда оқушыларымыз қысқы спорттық бағдарлау (Покровка орта мектебінің командасы), қысқы Президенттік көпсайыс (Волошинка және Петровка орта мектептерінің командасы), конькимен жүгіру спорты (№1 Явленка орта мектебі) сияқты спорт түрлеріне қатысты), қыздар арасында футзал  (№1, №3 Явленка орта мектептері және Покровка мектебінің құрама командасы), үстел теннисі (Петровка және Амангелді мектептері). Жүлделі орындарды доп және шайбалы хоккей командалары (№1 Явленка орта мектебінің және Заградовка орта мектебінің оқушылары), футзалдан жасөспірімдер командасы (№1 және №3 Явленка орта мектебінің құрамасы) және шахматшылар (Петровка орта мектебі және Александровка негізгі мектебі) иеленді.

Нәтижесінде біздің аудан оқушылары «Ақшақар-2024» қысқы спартакиадасында үшінші орынға ие болды.

Наурыз айынан бастап Ұлттық мектеп лигасы бойынша жарыстар басталды. Ауданымыздың оқушылары ұлттық мектеп лигасына (5-6 сыныптар, 7-8 сыныптар және 9-11 сыныптар) кіретін спорттық ойындардың барлық жас санаттарында өнер көрсетті – баскетбол, волейбол, футзал, шахмат, үстел теннисі, тоғызқұмалақ, бес асық және асық ату.

 7-8 сыныптар арасында ұлттық мектеп лигасында үшінші орын алды. 5-6 сыныптар мен 9-11 сыныптар үздік бестікке кірді!

Сондай-ақ, «Жастар» спартакиадасында (бұл жазғы спорт түрлері) - төртінші орын. Жазғы президенттік көпсайыста (Волошинка, Петровка, Явленка №3 және Ильинка мектептерінің командасы) және баскетболда (Явленка №1 мектебінің командасы) тамаша нәтижелер көрсетті.

Қазан айында мұғалімдер арасында «Мұғалім» спартакиадасы өтті.  Бұл жарыстар: шағын футбол, ерлер волейболы, бес асық және асық ату. Жарыста үздік нәтижелер шағын - футболдан 3 орын және бес асық-атудан  2 орын, асық-атудан 3 орын көрсетті.

Барлық жарыстардың қорытындысы бойынша біздің аудан төртінші орынға ие болды.

Ұстаздарымыз бен оқушыларымызды спорттағы жоғары жетістіктерімен құттықтаймыз және одан әрі табыс тілейміз!