Ауылдық олимпиаданың республикалық кезеңі

Ауылдық олимпиаданың республикалық кезеңі

9-14 желтоқсан аралығында Астана қаласында 9-11 сынып оқушылары арасында қоғамдық-гуманитарлық пәндер бойынша ауылдық олимпиаданың республикалық кезеңі өтті.

Ауданымыздан облыстық құрама командасында «№ 1 Явленка орта мектебі» КММ-нің 3 оқушысы лайықты өнер көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды:

11 сынып оқушысы Анжелина Смолина «Орыс тілінде оқытатын сыныптардағы қазақ тілі» пәнінен 3 орын (мұғалімі Динасилова Фарида Мырзабайқызы)

10-сынып оқушысы Нұрқан Мөлдір «Орыс тілі мен әдебиеті» пәнінен 3-орынға ие болды (мұғалімі Екатерина Петровна Ноздрачева)

Ағылшын тілі пәні бойынша 10 сынып оқушысы Тимченко София 3 орын алғаны үшін дипломмен марапатталды (мұғалімі Евгения Леонидовна Самойлова)

Жеңімпаздарды жетістігімен құттықтаймыз және облысымызды осындай беделді деңгейде лайықты танытқандарыңыз үшін алғыс айтамыз. Бұл жеңістер жаңа жетістіктерге шабыттандыра берсін!