
ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН ПӘНДЕР БОЙЫНША 9-11 СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАНЫҢ АУДАНДЫҚ КЕЗЕҢІ 4-5 желтоқсан күндері өтті.
Олимпиада екі бағыт бойынша ұйымдастырылды:
4 желтоқсан – жаратылыстану-математика бағыты;
5 желтоқсан – қоғамдық-гуманитарлық бағыт.
Өткізу қағидаларына сәйкес олимпиада 14 пән бойынша өтті:
* Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер: математика, физика, химия, биология, география, информатика.
* Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер: қазақ тілі мен әдебиеті, қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі, Қазақстан тарихы, орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі, орыс тілі мен әдебиеті, құқық негіздері, ағылшын тілі, неміс тілі.
Аудан мектептетінен барлығы 173 оқушы білім додасында бақ сынады, қорытындысымен төменгі сілтеме бойынша танысуға болады.