«Мектептерге арналған PISA» (PISA-Based Test for Schools)

«Мектептерге арналған PISA» (PISA-Based Test for Schools)

2024 жылғы 29 қарашада экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы жүргізетін «Мектептерге арналған PISA» (PISA-Based Test for Schools) халықаралық зерттеуіне 15 жасқа толған «Тауағаш орта мектебі» КММ және  «Т.Позолотин атындағы 1 Явленка орта мектебі» КММ оқушылары қатысты.

Зерттеу PISA-ның негізгі зерттеу әдіснамасына негізделген және оқу, математика және жаратылыстану ғылымдары сияқты негізгі функционалдық сауаттылық дағдыларын бағалайды, оқушылардың оқу үлгеріміне әсер ететін факторларды анықтауға мүмкіндік береді.

«Мектептерге арналған PISA» зерттеуінің қорытындысы білім беру процесін жақсартуға ықпал етеді, оқу процесінің күшті және әлсіз жақтарын анықтауға, алынған мәліметтер негізінде қажетті шараларды қабылдауға мүмкіндік береді.

Оқушыларымызға жақсы нәтиже көрсетулерін тілейміз.