
29 қараша күні 10-11 сыныптарға арналған VI “Алтын түлек” олимпиадасының аудандық кезеңі өтті. Олимпиаданың негізігі мақсаттары мен міндеттері: математика пәні бойынша ерекше қабілетті балаларды анықтап, жалпы білім беретін мектептердің оқушыларын қолдау, жоғары сынып оқушыларын ғылымға баулу және педагогикалық, инженерлік-техникалық мамандықтарға қызығушылықтарын ояту, математикалық ұғымдарды талдауға, сыни тұрғыда ойлауға, күрделі есептерді шешуге дағдыландыру.
Олимпиада мемлекеттік тілде офлайн форматта ұйымдастырылды. Олимпиада қорытындысы бойынша жоғары ұпай жинаған оқушылар облыстық кезеңде аудан намысын қорғайтын болады.