
2024 жылдың 18 қарашасында Есіл ауданында 3-4 сынып оқушылары арасында Республикалық «Алтын сақа» математикалық олимпиадасының аудандық кезеңі өтті. Қатысушылар математикаға дайындығы мен құштарлығының жоғары деңгейін көрсетті. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер облыстық кезеңде аудан намысын қорғайтын болады. Қатысушыларды құттықтаймыз және олардың тәлімгерлеріне алғыс айтамыз!