«Сабақта оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру» математика, физика және информатика мұғалімдеріне арналғантақырыбында аудандық семинары

«Сабақта оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру» математика, физика және информатика мұғалімдеріне арналғантақырыбында аудандық семинары

2024 жылдың 8 қарашада «Тауағаш орта мектебі» КММ базасында  «Сабақта оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру» математика, физика және информатика мұғалімдеріне арналғантақырыбында аудандық семинары өтті.

Семинардың мақсаты-осы пәндер сабақтарында функционалдық сауаттылықты қалыптастыру әдістерін ұтымды пайдалану бойынша тәжірибе алмасу. Семинарға ауданның негізгі және орта мектептерінің математика, физика және информатика мұғалімдері қатысты.

Семинар аясында функционалдық сауаттылықты қалыптастырудың түрлі әдістерін қамтитын сабақтар ұсынылды және талқыланды: 6-сыныптағы математика сабағы - Сәбитов Ержан Ақжігітұлы, 7 - сыныптағы физика сабағы-Күбетаев Мадияр Берлікұлы және 4 - сыныптағы информатика сабағы-Әшім Рақым Нұрлыбекұлы. Семинарға қатысушылар осындай әдістердің тиімділігін талқылауға және оларды қолдануда өз тәжірибелерімен бөлісуге мүмкіндік алды.

Семинар соңында мектеп директоры, математика пәнінің мұғалімі, педагог - зерттеуші Сиванбаев Мұрат Серғалиұлы функционалдық сауаттылықты қалыптастыру мәселелерін шешу бойынша мастер - класс өткізді.

Практикалық семинарлар өткізу оқыту сапасын арттыруға, мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін дамытуға және тәжірибе мен педагогикалық идеялармен алмасу үшін қолайлы орта құруға ықпал етеді.