Зерде-2024

Зерде-2024

2024 жылғы 8 қазанда Покровка орта мектебінің базасында 2-7 сынып оқушыларының "Зерде"республикалық зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалар конкурсының аудандық туры өткізілді.

Байқаудың аудандық туры екі жас тобында 12 секция бойынша өткізілді: 2-4 сынып оқушылары, 5-7 сынып оқушылары.

Конкурсты өткізу қағидаларына сәйкес жүлдегерлер I, II, III орын алғандары үшін грамоталармен марапатталды және үздік жұмыстар келесі кезеңге қатысу үшін іріктелді.