
20-22 қыркүйекте Мамлюткада жазғы президенттік көпсайыс бойынша облыстық жарыс өтті, онда жас ерекшеліктері үш топ оқушылары ату, лақтыру, спринтерлік жүгіруде төзімділік жарыстарында бақ сынасты. Есіл ауданының командасы чемпион атанды. Диканева Виолета (Ильинка ОМ), Ысқақ Еділ және Өмірбай Жансая (Петровка ОМ) бірінші орынды, Гаевой Владислав (Волошинка ОМ)екінші орынды және Викторов Артем (Петровка ОМ) үшінші орынды иеленді. Команда өкілдері Петровка және Волошинка орта мектептерінің мұғалімдері - В.Ф. Удачинді және О.С. Сарқытты оқушыларының жоғары жетістіктерімен құттықтаймыз және спортта одан әрі табыс тілейміз!