
2024 жылдың 20 тамызында Есіл ауданы әкімі аппаратының бас маманы А.А.Октябрь «AMANAT» партиясы филиалының жауапты хатшысы А.С.Некібаевпен бірге мемлекеттік қызмет көрсету орындарында мүмкіндігі шектеулі адамдарға жағдай жасау тұрғысынан әлеуметтік маңызы бар объектілердің қолжетімділігіне мониторинг жүргізді:
«Совет Одағының батыры – Т.Позолотин атындағы № 1 Явленка орта мектебі» КММ, «Кинорежиссер – А.Шәжімбаев атындағы № 3 Явленка орта мектебі» КММ, «Балапан» бөбек жайы» КМҚК, «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының білім бөлімі» КММ.
Сапар барысында пандус, арнайы белгілер, мекеменің атауымен ақпараттық – тактильді белгі және жұмыс кестесі, көрсетілетін қызметті алушыларға арналған ақпараттық стендтер, өзіне-өзі қызмет көрсету секторы, кіреберісте ромб пішінді балшықтан қорғайтын жабын ұяшықтары бар екендігі анықталды, сондай-ақ тексеру қорытындысы бойынша бірқатар ұсынымдар берілді: пандусты тиісті түрге келтіру, нашар көретін адамдар үшін ескерту белгілерін, персоналды шақыру қоңырауының батареяларын ауыстыру . Өзіне-өзі қызмет көрсету секторында компьютерлік техниканы жұмыс жағдайына келтіру.