
Есіл ауданда «Мектепке жол» республикалық акциясы басталды.
Акцияның мақсаты – аз қамтылған, көп балалы, тұрмысы төмен отбасылардағы балаларға, жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға әлеуметтік көмек көрсету, әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке келмеуінің алдын алу.
Биыл «Мектепке жол» акциясы «Жақсылық жаса» ұранымен өткізіледі.
Ауданның білім беру ұйымдарында оқушыларға мектепке дайындалуға көмек көрсету бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Әр мектепте «жедел желі» жұмысы, сондай-ақ азаматтардың өтініштеріне жедел ден қою үшін «сенім» телефоны ұйымдастырылған (Білім бөлімі 2-10-37 т.).
Ауданның әрбір тұрғыны халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балаларды мектепке даярлауда атаулы көмек көрсетуде азаматтық белсенділік таныта алады, оның мектепке баратын жолы қуанышты болуы үшін әрбір балаға зейін мен шынайы қамқорлық көрсете алады.
Мектепке дайындалуға мұқтаж балалардың отбасыларына көмек көрсеткісі келетіндер Есіл ауданның білім бөліміне немесе тікелей білім беру ұйымына жүгіне алады.