«Тұрмыстық зорлық - зомбылық ол болашағы жоқ отбасы»

«Тұрмыстық зорлық - зомбылық ол болашағы жоқ отбасы»

23 шілде  аудандық орталық кітапхананың оқырман залында «Тұрмыстық зорлық - зомбылық ол болашағы жоқ отбасы» атты өзекті репортаж өтті.

Іс шараға А.Шәжімбаев атындағы №3 Явленка орта мектебінің 10 сынып оқушылары қатысты. Іс-шара  жүргізушісі  аудандық  кітапхана  әдіскері Г.Уразалина  қатысушыларға отбасындағы тұрмыстық зорлық - зомбылық туралы толық мәлімет берді. Тұрмыстық зорлық - зомбылық тоқтату туралы  сұрақтар қойылып қатысушылармен пікірталас жүргізді. Сөз кезегі аудандық ішкі істер бөлімінің кәмілетке толмағандар істері жөніндегі аға лейтенанты полиция қызметкері Жанобаева Жангүл Думанқызы қонақтарға тақырыпқа сай қысқаша талдамалық есеп жасады. Оқушылар полиция қызметкеріне көкейтесті сұрақтар қойып оған қанағаттандырарлық жауап алды.

Іс-шараның  келесі  кезеңі сұрақ - жауап сайысымен жалғасты. Оқушыларға арнайы дайындалған ситуациялық сұрақтар қойылды. Олар  сұрақтарға жауап берді. Қатысушылар өз пікірлерімен бөлісіп жауаптарын қортындылады. Іс-шара соңында оқушыларға  «Зорлық зомбылық» атты бейнебаян  көрсетіліп, оны талқыға салды.