
Ағымдағы жылдың 25 маусымда "Родник" балаларды сауықтыру лагері Петропавл қаласының облыстық балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығынан қонақтарды қабылдады.
Демалушы балаларға арналған концерттік бағдарламасын "Қуанамын" халықтық ұжымы, "Айналайын" вокалдық ұжымы, "Тамирис"сән театры ұсынды.
Бағдарламаның жүргізушісі Александр Федорович Штро концерт қатысушыларымен бірге балаларға қуат пен шабыт, би мен әндердің сұлулығынан ұмытылмас әсер сыйлады.