RoboZerde-2024

RoboZerde-2024
2024 жылдың 11 мамырда Астана қаласында Әлихан Мақсұт атындағы «RoboZerde-2024» робототехника бойынша Республикалық фестиваль өтті.
Фестивальдің мақсаты - оқушылардың робототехника саласындағы қызығушылығын арттыру, ғылыми-техникалық және шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Фестивальде Солтүстік Қазақстан облысынан Есіл ауданының 2 командасы келесі санаттарда өнер көрсетті:
- Арқан тартыс (10-13 жас) – «Петровка орта мектебі» КММ;
- Асық ату (12-18 жас) – «Петровка орта мектебі» КММ.
«Арқан тартыс» санатындағы жарыс қорытындысы бойынша Петровка орта мектебінің оқушылары – Сейпіл Тимур мен Марат Алдияр күміс медаль жеңіп алды, II дәрежелі дипломдармен, сондай – ақ 70 мың теңге көлемінде ақшалай сертификатпен марапатталды. Командалардың жаттықтырушысы – информатика пәнінің мұғалімі Оспанов Рахат Сәкенұлы.